Ресейдің Челябі облысында сұмдық жағдай болды. Зейнет жасындағы мас жүргізуші өзін тоқтатып, мас күйінде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырып отырған полицейдің жүрегіне пышақ тығып алды.
Полиция лейтенантын аман алып қалу үшін дәрігерлер бес сағат бойы жанталасқан. Қазір оның жағдайы тәуір болғанға ұқсайды.
Бұл оқиға Челябі облысындағы Уйское деген селода болған. Зейнеткер жүргізуші бұрын мектепте сызу сабағынан сабақ берген мұғалім болып шықты.