Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мас адамды бірден айықтыратын таблеткалар бар ма

177

«Иә, ондай таблеткалар бар. Олар адамға арақтан тез айығып кетуіне көмектеседі. Былайша айтқанда, ащы судан айығу процесін шапшаңдатады. Дәл қазір ол препараттар Астанада сатыла ма, жоқ па, оны нақты айта алмаймын. Білуімше, Қазақстан аумағында ондай таблеткалардың тіркеу мерзімі аяқталды. Бір кездері оны дәріxаналарда сатқан. Біз болсақ, осы санатқа жататын препараттарды қолданбаймыз. Өйткені ол тегін медициналық қызмет түріне жатпайды», – деді Башинская ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Осыған байланысты токсикология бөлімшесінің меңгерушісі Жаңа жылда спирттік ішімдіктерді мөлшерден көп ішпеуге кеңес беріп отыр. Сондай-ақ әрбір адамның мөлшері әртүрлі екенін тағы бір мәрте еске салды.

«Алдымен қаңтардың 1-күні қандай жағдайда тұратынымызды ұмытпауымыз қажет. Ем қабылдайтын адамдарға аса сақ болған дұрыс. Себебі барлық дәрі-дәрмектер спирттік ішімдіктермен қатар қабылдауға келе бермейді. Бас жазуға болады. Бірақ 50-70 граммнан асырмау қажет. Өйткені оның арты мерекенің «жалғасы» болып кетеді», – дейді Г.Башинская.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз