Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызының басынан қатерлі ісік табылды

167

Оксананың жұбайы, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының актері Шалқар Үркімбаев өзіне қол жұмсағаннан кейін, ол 4 баласымен жалғыз қалған. Тұрғын үйге байланысты сот процестері , ақша жетіспеушілігі және қызының ауыр дерті әйелді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүрлеген.

«Сіздердің көмектеріңіздің арқасында 17 шілдеде Ыстамбұлға келдік. 13 қазанда Шұғылаға індетті жою мақсатында ота жасалды. Қазір қызым өзіне келуде. Құрметті қазақстандықтар, жағдайымызға бей-жай қарамайтын адамдар, бізге көмектесулеріңізді сұраймыз», – дейді Шұғыланың анасы Оксана Үркімбаева.

Ендігі Шұғылаға химиялық терапия жасалуы тиіс. Үш ай ішінде қазақстандықтардың көмегімен Шұғыланың еміне 24 мың АҚШ доллары жиналған. Бірақ аурудың асқынуына байланысты, тағы 40 мың АҚШ доллары қажет. Кішкентай қызға індет өз отанында жұққан.

«Қыз Ыстамбұлға жеткенде, жағдайы елімізде болжағаннан да ауыр болған. Олай болмағанда, ота жасалатын еді. Індеттің кесірінен ол 2 ай бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Індет тез жайылып жатқандықтан, дәрігерлер оны жою үшін барын салды», – дейді «Мейірімділік» ерікті қоғамы жобаларының менеджері Светлана Селюнина.

Нейрохирургтердің болжамы бойынша, баланың жағдайы қалыпты. Бірақ басындағы қатерлі ісік жылдам ұлғайып келеді. Егер оны хирургиялық жолмен жоятын болса, асқынуына алып келіп, Шұғыла ақыл-ой кемтарлығына ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол алдағы уақытта көптеген сәуле және радиациялық терапиядан өтуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз