Өтірік, үлкен өтірік, статистика деген сөздерді бинесмен Марғұлан Сейсенбаевтың жазбаларынан кездестіруге болады. Біраз уақыттан бері кәсіпкер «Қазақстанды қалай жақсартамыз?» деген тақырыпты көп талқылап жүр. Алайда оның саясат және макроэкономика секілді күрделі салаларға жасаған талдаулары қаншалықты нақты?
FactCheck.kz порталы Сейсембайдың жарияланымдағы барлық сандарды қайта тексеріп, онда жалған мәлімет көп деген қорытындыға келді. Үлкен саяси мақсаттары бар бизнесмен өзі қалаған жағдайды көрсету үшін экономикалық, саяси факторларды бұрмалайды. Сейсембайдың «Қазақстан туралы 25 факті» атты даулы жазбасындағы фактілердің 10-ы ғана рас мәлімет. Тексеру барысында 7 пайымдаудың мүлдем өтірік екені анықталды. Ал 8 факті бұрмаланған, яғни контекстіден алынып, авторға керекті қырынан көрсетілген.
Бір қызығы шындыққа жанасатын 10 фактінің барлығы бірдей Қазақстанды жақсы жағынан сипаттайтын фактілер болып шықты. Сейсембай оларды әдейі келтіріп, контраст жасау үшін қолданған, автордың ойлағаны бойынша аңғал оқырман осындай позитивті деректерден кейін кемшіліктер туралы пікірді оқып, ашуланып, наразылығын білдіру керек. Бірақ сол «көзір» ретінде пайдаланған жағымсыз фактілер өтірік болып шықты.
Бұл тізімдегілердің 5-і шындық, 2-еуі қате, бірақ бұл аса маңызды емес. Қазақстан мыстың қоры бойынша 6 орын емес, 9 орында (US Geological Survey-дің 2020 жылғы есебіне сәйкес). Қазақстан мұнайдың қоры бойынша 11 ( BP Statistical Review of World Energy деректері), ал газ резервтері бойынна 23 орында.
Сейсембайдың шындығы Қазақстанның мәртебесін асырып тұрғандай. Ал бизнесмен ары қарай деректерді бұрмалау мен өтірікке көшкен.
Бұрмалау:
«Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 114 орынды иеленді».
Factchek: 114 емес, 113 орын, жарайды, бұл маңызды емес. жемқорлықты өз алдына жеке қарастыруға болмайды, оны геогрфиялық контекстіде қарау керек — бұл бұрынғы КСРО елдеріне ортақ мәселе. Біздің шекаралас көршілерімізді бәрінде жемқорлықтан көз ашпай отыр.
Бұл рейтінгіде көршілерімізден Қытай ғана алдымызды орап кетті (81 орын).
Бізден КСРО бойынша көршілеріміздің бәрі артта қалып отыр: Қырғызстан (128), Ресей (144), Өзбекстан (157) жәнек Түркіменстан (167)
Яғни Қазақстан (тәуелсіздік алғанына 30 жыл ғана болған) мен Швецияны (500 жыл бұрын тәуелсіздігін алған) салыстыратын болсақ, біздің жағдайымыз өте жақсы емес. Аңқау адам үшін бұл — шок және сұмдық! Әр нәрсеге зер салып қарайтын адам Қазақстанды көршілерімен салыстырып қарап, қаншалықты жұмыс атқарылғанын түсінеді. Мұнда рейтингіні құрастырудың ерекшелігі де өз әсерін тигізеді: жемқорлық деңгейі төмен көршілерінің болуы елдің рейтингін көтереді, ал көршілері жемқорлыққа белшесінен батса, жағдай қиын.
Бұрмалау:
«Қазақстан сөз бостандығы рейтингісінде 158 орынды иеленген».
Бірақ тағы да бұл сандарды көрші мемлекеттермен бір контекстіде қарау керек. Аталған рейтингіде тек Қырғызстан (83 орын) ғана біздің алдымызға шығып отыр.
Қытай (128), Ресей(149),Өзбекстан (160) және Түркіменістан (180) артта қалған
Көршілерімізде сөз бостандығының төмен деңгейде болуы елдің рейтингісін көтереді.
Бұрмалау:
«Экономикалық еркіндік рейтингісінде 18 позиция бойынша өз орнын жоғалтып, 59-орынға жайғасқан».
Сейсембай бұл рейтингінің елдерді 4 категорияға бөлетінін айтпаған:
2018 жылы Қазақстан 69,1 баллмен 41 орынды иеленіп, ішінара еркіндік берілетін елдердің қатарына енді. 2019 жылы 3,7 балл жоғалтып,
сол категорияда — ішінара еркіндік берілетін елдердің қатарында қалдық
Бұл сандарды көршілес мемлекеттермен контекстіде қарау керегін тағы бір мәрте айта кету керек.
Бұл рейтингіде көршілерміздің ешқайсысы біздің алдымызда тұрған жоқ
Қырғызстан (79 орын) — ішінара еркіндік берілетін ел, Қытай (100) — көбінесе еркіндік жоқ ел, Ресей (98) — көбінесе еркіндік жоқ ел, Өзбекстан (140) мен Түркіменстан (164) — сөз бостандығы жоқ елдер.
Шындық:
«Қазақстан басқару режимі авторитарлы елдер рейтингіне енген».
Балл санын ескере отырып, бұл рейтингідегі елдерді 4 санатқа бөлінеді:
Біздің көршілеріміз: Қырғызстан (2019 — 101 орын, 2018 — 98) — аралас режим; Ресей (2019 — 134, 2018 — 144) – авторитарлық режим; Қытай (2019 — 153, 2018 — 130) – авторитарлық режим; Өзбекстан (2019 — 157, 2018 — 156) – авторитарлық режим; Түркіменстан— (2019 — 162, 2018 — 162) – авторитарлық режим.
Шындық:
«Қазақстан жұмысшылардың құқығын қорғау бойынша 10 ең нашар елдің қатарына кірді».
Мұнда Халықаралық Кәсіподақтар конфедерациясының қолында толық есеп жоқ екенін ескеру керек, ал инфографикаға қарасақ, онда Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан бойынша мәліметтердің жоқ екенін байқауға болады. Сондай-ақ рейтингіде БҰҰ классифкациясындағы 195 елдің орнында 136 мемлекеттің алынғанын да ескеру керек.
Өтірік:
«Экология бойынша ең қауіпті елдердің рейтингісінде 95 орында».
GGMCF – 189 ел мен жүздеген қалалар бойынша авсолютті көрсеткіште адам басына көмірқышқыл газының өндірісін бағалайтын үлгі.
Ұсынылған рейтингінің экологияға қатысы жоқ, ол көмірқышқыл газының шығарындылары тұрғысынан экономиканың тиімділігін көрсетеді. Экологияға PM 2.5, PM 10 бөлшектерінің шығарындылары, ауадағы ауыр металдардың болуы және ядролық/сутекті бомбаларды сынау (осы сынақтардың 25% -ы 1949-1989 жж. Қазақстан аумағына келді) және зымырандардың (1969 ж. бастап Қазақстан аумағында сыналып, әлі күнге дейін тоқтатылған жоқ. Бұл ресейлік зымырандар фрагменттерінің ҚР аумағына тұрақты құлауын ескермегенде) қатысы бар.
Егер деректерді қалалар бойынша қарастыратын болсақ, нәтижесі мынадай: Гонконг — Қытай мемлекет деңгейіндегі қаласы, адамға адам басына өндірілетін көмірқышқыл газының көрсеткіші әлемде бірінші орында (34,6 тонна); Қытай қаласы Хулун-Буир — 5 орында (30 тонна); Ресейлік қалалар Хабаровск — 84 орында (17,5 тонна) және Төменгі Тагил — 101 орын (16,7 тонна); Қазақстандық Нұр-сұлтан — 500 қаланың ішінен 127 орында (15,5 тонна). Жалпы 500 қала кіретін бұл рейтингінің ішінде әлемнің барлық елдері бар.
Өтірік және бұрмалау:
«Қазақстан өмір сапасы рейтингісінде 71 елдің ішінде, соңынан санағанда үшінші, яғни 69-шы орынға табан тіреді”.
Numbeo көрнекті, толық және сенімді рейтингі емес. Қазіргі уақытта Numbeo 2020 базасында Сейсембайдың инфографикасында көрсетілгендей 71 ел емес (2019 жылы 71 ел болған — еск.), 80 ел енген (ал әлемінде 195 мемлекет бар).
Бұл рейтингте өмір сүру сапасы, сатып алу қабілеті, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, тұру құны, табыстың тұрғын үй бағасына арақатынасы, жол трафигінде өткізілген уақыт, ластану және климат сияқты көрсеткіштер ескеріледі.
Егер өмір сүру сапасын алсақ, 80 елдің ішінде Қазақстан 71-орында. Сонымен қатар сатып алу қабілеті (80 елдің ішінде 58-орында, ал әлемде 195 ел бар) сияқты басқа да көрсеткіштерді ескеру қажет. Осы тұрғыдан қарастырсақ, дамыған елдердің арасында мемлекет лайықты орны алған.
Бұрмалау:
«Қазақстан көмірқышқыл газының шығарындасы бойынша алда тұрған 5 елдің қатарына кіреді».
Тағы да жаңсақ қорытынды. Рейтингіге БҰҰ индекстеген 195 ел емес, тек 44 ел ғана енген. Бірақ 247 млн тонна көрсеткіші бар Қазақстан көмірқышқыл газының абсолютті шығындылары бойынша да шығындылары ең жоғары елдердің қатарына кірмейді.
— Қытай 9,5 млрд тонна көмірқышқыл газын шығарады, ол көшбасшы. шығарындылардың жиілігі тұрғысынан бұл рейтингіде Қазақстаннан тек ОАР ғана бір саты алды тұр. Егер 1992 және 2018 жылғы деректерді салыстыратын болсақ, Қазақстан шығарындылардың жиілігін 1.302-ден 0.515 KCO2/$2015p-ге төмендеткен (яғни 2,53 есеге).
Бұрмалау
«Қазақстан адам дамуы индексінде 50-ші орынға ие болды».
Бұл көрсеткіш оң трендтердің қатарында болуы тиіс. Қазақстан 189 елдің ішінде рейтингте 50 орынға ие болды
1991 жылғы жағдай бойынша біздің еліміз 0.690 ұпай алды, ал 2018 жағдайы бойынша 0.817.
2017 жылы Қазақстан 58 орында, 2018 жылы 8 орынға көтерілді
2018 жылғы жағдай бойынша ол Болгария, Түркия, Малайзия және көрші елдерді басып озды.
Шындық
«Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде алда тұрған 10 елдің қатарына кірді».
Расымен де Қазақстан соңғы он жылдағы бірқатар зерттеулерде ажырасу бойынша көшбасшылардың қатарында, кейде осы көрсеткіш бойынша алда тұрған 10 елдің қатарына жақындайды немесе осы елдердің құрамында болады. Бірақ инфографика (UN Demografic Yearbook 2017) сілтеме берген БҰҰ деректерінде көптеген елдер бойынша берілген мәліметтердің толық емес екенін есекру керек.
Өтірік
«Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші бойынша 3 орында (2019)».
Бұл қате. ДДСҰ ресми сайтында 2019 жылғы бұндай деректер жоқ. 2016 жылғы деректер бойынша Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда суицидтер саны 22.8 жағдайға тең (40.1 ер адамға және барлық жас санаттарын ескере отырып, әйелдерге 7.7 жағдай). 2016 жылғы жағдай бойынша ҚР 183 елдің 7 орында.
Ақылға сыймайтын бұрмалау
«Қазақстан семіздік бойынша әлемде 98 орында».
ОТБ «Фактілер кітабының» мәліметтері бойынша, 2016 жылы Қазақстан 192 елдің ішінде 94-ші орында. Бірінші орында 61% көрсеткішпен Науру аралы (бұнда 100 адамнан 61-і семіздіктен жапа шегеді). Соңғы орында 2.1% көрсеткішімен Вьетнам иеленген. Бірақ
бұл көрсеткішті жақсы немесе жаман деуге болмайды
Бұрмалау
«Елде «есірткіге тәуелді» деген диагнозы бар 20 мың, «ішімдікке тәуелді» 100 мың адам бар»
Бұл контекстіден жұлып алынған. ДДСҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы жағдай бойынша Қазақстан ішімдік тұтыну бойынша 193 елдің ішінде 39 орында болса, 2016 жылы 193 елдің ішінде 61 орынды иеленді.
Егер ДДСҰ мәліметтерінің динамикасын қарастыратын болсақ, 2013 жылдан 2016 жылға дейін ішімдікті тұтыну деңгейі елде 9,3-тен 7,7 литрге төмендеген
Есірткіге тәуелділікті көрсететін статистика бойынша 1000 адамның 1-і ғана есірткі қабылдайды.
Яғни статистика соншалықты нашар емес, бірақ Сейсембай оны басқа қырынан көрсеткісі келді.
Ақылға сыймайтын өтірік
«Эмоцияға берілмейтін ел деп танылған».
Gallup 145 елден 154 мың адамның сезімдері мен эмоциясын өлшейді. Біздің еліміз ашулану, мұңаю, физикалық ауыру, рахаттану, демалу, үйрену, күлу, сыйлай сезімдері бойынша ең үздік немесе ең нашар бестіктің ішінде жоқ.
Уайым және күйзеліс сезімдеріне қатысты респонденттердің тиісінше 19% және 13% оң жауап берген. Қазақстан осы көрсеткіштер бойынша 145 елдің ішінде 3 орында тұр. Егер жымию мен күлуге келетін болсақ, Қазақстанда респонденттердің 60%-ы үнемі күліп жүреді. Бұл рейтингі бойынша 91%-бен Нигерия көшбасшы, Ауғаныстан ең соңғы орында. Ал Нигерияның көшбасшылық орны бұл елдің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштеріне кереғар. Сейсембайдың «аргументі» тікелей эмоцияға бағытталған, дәл осылай балабақшалардағы балалардың көзжасын да өлшер, рейтинг жасауға болады.
Өтірік
«Қазақстан жол көлік оқиғасында қаза болатындардың саны жағынан жоғары елдердің рейтингісіне кірген».
Әлемде ЖКО-нан қаза болатындардың орташа деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 18,2 жағдай.
Қазақстанның көрсеткіші орташа әлемдік деңгейден төмен, 17,6-ны құрайды. Яғни бұл оң көрсеткіш
Бұрмалау
«Интернеттің жылдамдығы бойынша 67 орында (әлемнің 167 мемлекетінің ішінде)».
Жылдамдықтың аса жоғары еместігіне қарамастан Қазақстан әлемдегі интернет бағасы ең арзан мемлекеттердің бірі
Шындық
«Қазақстан ақпарат қолжетімділігі туралы заңы ең нашар 15 елдің қатарына енді».
RTI рейтингі Құқық және демократия орталығы (Канада) және Access Info Europe (Испания) әзірлеген ақпаратқа қолжетімділікке қатысты заңнамалық актілердің күшін бағалайтын әдістері өте күрделі.
RTI туралы ұлттық заң қабылдаған әр ел RTI рейтингіне кіреді. Қазақстан 150 балдан 61 балл алып, 123 елдің ішінде 109 орында (яғни ең үздік 15 елдің ішінде). Бірақ әлемде 195 ел барын ұмытпау керек. Германия, Лихтенштейн мен Австрия сәйкесінше 116, 121 және 122 орындарда тұр. Бұл рейтингіде бірінші орынды Ауғаныстан иеленген.
Бұрмалау
«Әлеуметтік прогресс рейтингісінде 149-дан 69 орынды иеленді».
Осы рейтингтің логикасы бойынша барлық 149 ел 6 топқа бөлінеді. Біріншісі — ең жақсы, алтыншысы — ең нашар. Бірінші және екінші топтарға Солтүстік және Батыс Еуропаның дамыған елдері, Балтық жағалауы және табысы өте жоғары Кейбір Азия елдері кіреді.
Қазақстан 2018 жылы 71-орында болып,
үшінші топқа кірді, сол уақытта біздің кейбір көршілеріміз 4 және 5 топтарда болды. Сондықтан бұл орын лайықты бағаланған деп есептеуге болады
2019 жылғы жағдай бойынша Қазақстан 69 орында (орташа балл 100-ден 68.2, бұдан бір жыл бұрын 67,26 болған). Адамдардың негізгі қажеттілігі бойынша 100-ден 85,4 балл, ауқаттылық негіздері бойынша 100 балдың 70,36 баллын иелендік. Бізді тек 100-дің 48,84 баллы берілген мүмкіндіктер көрсеткіші артқа тартып тұр.
Бұрмалау
«Қазақстан бала тәрбиесі бойынша рейтингтегі елдердің ең соңына жайғасып, 73 орынды иеленді».
Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан ең дамыған елдердің ішінде 73 орында. Бірақ US News рейтингі көптеген көрсеткіштерден тұратынын ескеру керек.
Мәселен, Қазақстан өзінің мүддесін қорғау бойынша 80 елдің ішінде 36 орында. Жалпы алғанда
бұл рейтингіде балабақшалардың, мектептегі білім беру және медицинаның қолжетімділігі ескерілмейді, тек ювенальді заңнама ғана ескеріледі
Фактілерді не себепті бұлай таңдады? Бұрмалаудың не қажеті бар?
Сейсембайдың бұл ойыны үлкен саясаткер болуды армандаған бизнесменнің ойластырған үлкен ойынының бір бөлігі ғана секілді. Ол өзін үлкен бизнесмен деп санайды, енді үлкен саясаткер болғысы келеді.
Өзін ірі және табысты бизнесмен ретінде көрсету үшін Сейсембай видео жариялап өзінің КМобайл атты бұрынғы компаниясы туралы айтатын видео жариялады. Әдеттегі бизнес-ертегі: сатып алды, күн-түн демей жұмыс істеді, несие алды, өзі де біреулерге несие берді және жұмысын миллиондаған сомаға сатты. Табыс! Жарайсың! Ал саясатта ол не істей алады? Сіз ойлап көріңізші!
Аңқау көрерменге, оқырманға, ары қарай сайлаушыға — үміт артып отыр.
Сейсембай өзінің бизнес-ертегісінде тіпті аңғал оқырманға да ұнамайтын бір жайтты айтпады. Мәселен, бұл бизнестің ортақ иеленушілерінің Сейсембайдың пайдасына бизнестегі үлестерінен бас тартып, елден кетуге мәжбүр болғаны туралы. Бірақ бұл туралы кейінірек айтамыз.
Әзірге Сейсенбайдың «Қазақстан туралы 25 дерек» деген жазбасында көрсеткендей, өзінің пайдасы үшін фактілерді өзгертуге ұялмайтынын айттық.