Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Марченконың екінші рет келуі: бұл не үшін және кімге керек?

446
Григорий Марченко,  сурет: Kapital.kz

2013 жылдың қазан айында Григорий Марченконың отставкаға кетуі басты саяси оқиғалардың бірі болды. Оның үстіне, сол 2013 жылдың қаңтар айының соңында ол Ұлттық Банк басшысы қызметінен кетуді ойламайтынын сенімді түрде айтқан еді. Шын мәнінде, сол жылы жазда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов пен Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко Тұңғыш Президенттің тарапынан өткір сынға ұшыраған еді, бұл оқиғалар қаржы реттеушісіне жаңа басшылық келуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Ақыр соңында жағдай барлығы күткендей аяқталды. Марченконың отставкаға кетуін жұртшылыққа «отбасылық жағдайға байланысты» деп түсіндірді.

Қаржыгер жеті жыл бойы тәуелсіз кеңесші болды. 13 қазанда Еуразиялық даму банкінің басшысы ұжымға өзінің жаңа кеңесшісі — Григорий Марченконы таныстырды.

Қатарда қажетсіз адамдар жүр

Қазақстанның бас зейнетақы реформаторының алаңға екінші рет шығуы лоббистердің зейнетақы қаражатына қол салуға әрекет жасаған кезіне тұспа-тұс келді.

Экономист Айдархан Құсайынов мұны кездейсоқтық деп санайды. Алайда, Марченконың көпжылдық тәжірибесі Қазақстанның қазіргі экономикасын қалпына келтіру үшін өте пайдалы болатынын мойындайды.

— Жаңалыс түсініктер болмас үшін айтайын, Еуразиялық Даму Банкінің Қазақстан үкіметіне де, еліміздің ішкі саясатына да ешқандай қатысы жоқ,—деді сарапшы. — Оның үстіне ЕАДБ-ның зейнетақы ақшасына да қатысы жоқ. Оның Қазақстан экономикасына қайта келу ықтималдығы қаншалықты екенін де білмеймін. Егер президент Григорий Александровичті өзінің жанынан көргісі келсе, оны осы уақытқа дейін де шақырар еді.

Марченконың тәжірибесі Қазақстанның қазіргі  экономикасына пайдалы болар ма еді?

— Анығын айтсақ, иә, пайдалы болады. Бірақ Марченко жақында өзінің сұхбатында оның идеялары елде сұранысқа ие емес екенін ашық мойындады. Менің ойымша, бұл елдің экономикалық саясатындағы үлкен мәселе.

Айдархан Құсайынов, сурет:ru.sputnik.kg

Қазір жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, әлеуеті бойынша негізгі экономикалық идеологтар кім екенін, олар өз идеяларын қалай насихаттайтынын қарағанның өзі жеткілікті

Григорий Александровичтің жағдайды түсінуі мен олардың арасында өте үлкен айырмашылық бар.

Нұсқауға қарай жүзеге асырады

Зейнетақы ақшасын мерзімінен бұрын алу идеясы пайда болғаннан кейін, оларға табыс салығын салу керек деген шағымдар айтыла бастады. Депутаттар бұл ақшаны кез келген алымнан қорғауды ұсынды. Қазақстанда 4 млрд теңгеге жуық адамның алимент қарызы бар екенін ескерсек, бұл қаншалықты әділ?

— Әрине бұл әділетсіз. Мемлекет зейнетақы жинақтарын ішінара алуға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдағаннан кейін, осы мәселе төңірегінде көтерілген кез келген талқылауды біреулердің өз мүддесі үшін жасаған әрекеті деп бағалауға болады.

Дегенмен, басынан бастап мерзімінен бұрын алу мәселесі орынсыз идея болды. О бастан Президентке жан-жақты ойластырылмаған идеяны тықпалағандықтан, ол сол күйінде қалды

Зейнетақы ақшасы ешқашан мерзімінен бұрын алынбауы керек еді. Енді Үкімет бұл орынсыз идеяны «дөңгелекті шаршыға айналдыру» қағидаты бойынша жүзеге асыруға тырысуда. Кейіннен адамдардың сәтсіз іске асырылды деп ренжитіні анық. Бірақ проблемалар болатыны бірден белгілі болды. Үкімет бұл жағдайда орынсыз нұсқауды қандай да  бір түсініктірек қалыпқа келтіріп, орындауға тырысуда.

— Мерзімінен бұрын ақша шешіп алуды ұсынғандар неге қол жеткізгісі келді?

— Иә, олардың өздері салық салу жүйесін де, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін де түсінбейді. Сондықтан да біз  Григорий Александровичтің оралуы туралы бірінші сұраққа ораламыз. Оның идеялары мен көзқарастары қазіргі қаржы-экономикалық саясат жүйесінде жауап таба алмағаны өте өкінішті. Өкінішке орай, қазіргі жүйе мүлдем маңызды емес идеяларды қабылдайды.

Тонды экономиканы да, қаржы саласын да, Қазақстанда құрылған қаржы жүйесі қағидаттарын да түсінбейтін адамдар белгілеуде

Бұл зейнетақы жүйесінің түбіне жетпейді. Бірақ аздап зиян келтіреді. Мен ерте ме, кеш пе, қияли идеяларға басымдық беріледі деген  көзқарастамын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз