Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Маңғыстаулық кәсіпкерлер өзара сынаққа түсіп, үздіктері анықталды (фото)

Шараға қатысқан Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Руслан Сакеев:

«Маңғыстау облысы Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан аймағының бірі, елдің жалпы ішкі өнімі 5,6 процентін құрайды. Жыл сайын біздің облыста орта есеппен 914 жаңа кәсіпорын ашылып жатыр. Маңғыстау облысында 9595 кәсіпорын бар, оның ішінде 306-сы – ірі және орта.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстың Индустрияландыру картасына 22 жоба енгізілді. Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ) мен Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) аясында жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға ерекше назар аударылып отыр. Біздің кәсіпкерлер уақытпен санаспай еңбек етіп, тұтынушылардың сұранысына сай, шама келсе бір адым алда жүруі қажет»,- деді.

Айта кетелік, бұл шара 2006 жылдан бастап елімізде өңірлік және республикалық деңгейде өткізіліп келеді. 2015 жылдан бастап аталмыш байқауды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда.

Сонымен сараптамалық комиссия жариялаған жеңімпаз компаниялар мыналар:

«Өңірлік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойыншы:
– «Каспий Битум» ЖШС
– «Каскор-Машзавод» АҚ
– «Паркер-Казахстан» ЖШС топ жарды.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында:
– «Жанарыс» ЖШС
– «Жекенова Әсел» ЖК
– «Домик» ЖК жеңіске жетті.

Ал, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша:
– «Сельскохозяйственный кооператив «Сегизбай Ата» ӨК
– «Саукымбек» ЖШС
– «Берекет-Ф» ЖШС қанжығасына ілді.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар табысталды. Шараға облыс тұрғындары мен қонақтары қатысып, жергілікті кәсіпкерлер ұсынған отандық өнімдердің көрмесін тамашалады. Жеңіске жеткен кәсіпорындар Маңғыстау облысы атынан «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына және «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысатын болады. Республикалық байқау Астана қаласында 12-13 қазан күндері өтеді деп жоспарланған.

Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтің айтуынша, Мемлекет басшысы «Стратегия-2050» бағдарламасында отандық бизнесті ішкі табысты өсірудің ең маңызды көзі ретінде белгіледі. Біздің облыстың кәсіпкерлері жаңа бастамаларды белсенді түрде қолдайтынына сенімдімін. Осылайша олар экономиканың өсуіне және халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына үлес қосады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз