Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Маңғыстаудағы жұт: шындығында қалай болды

1079
фото Кирилл Павловтікі, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

2021 жылдың маусым айында БАҚ пен әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында ірі қара малдың жаппай қырылғаны көрсететін фотолар мен куәгерлердің фотосуреттері пайда болды. Мұның себебі су мен жем-шөптің болмауы болды.  Фермерлердің көмек сұраған өтініштеріне Ауыл шаруашылығы министрлігі дереу жауап қайтарды. Мал азығын артқан жүк көліктері бүкіл елден ағылды. Қазақстанның солтүстігінде осы шудың арқасында азық бағасы қымбаттады.

Құрғақшылықтың салдары ауыл шаруашылығы министрінің ауысуына себеп болды. Ал ведомствоның жаңа басшысы Ербол Қарашөкеев қызметке тағайындалғаннан кейін бірден журналистерді болған оқиғаның басты кінәлілері деп атады. 11-тамызда ведомство құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге қазақстандықтарды барынша көмек көрсетуге шақырды. Және “Казимпэкс-Ақтау” қорының қайырымдылыққа арналған шотын жариялады. Оған жиналған қаражат туралы ресми есеп әлі болған жоқ.

Өз жем-шөбіміз жоқ

Жуырда ғана ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысында 1163 бас мал өлгенін ресми хабарлады. Олардың тек 194-і тіркелген, олар 7 фермерге тиесілі. Алайда, аймақтағы малшылардың өздері нақты көрініс билік берген есептен де нашар екенін айтады. Кирилл Павлов көргенін айтты.

— Мен әзірге тек 2 ауданды – Мұнайлы және Қарақия аудандарын араладым, – деді Аграрлық кеңесші. — Шын мәнінде, осы уақытқа дейін алғашқы дереккөздерден маған жеткен ақпараттар, бізге үйреншікті болғандай емес болып шықты.

– Жағдай нашар ма?

– Жоқ. Жеке қосалқы шаруашылықтарда мал іс жүзінде тіркелмеген. Неліктен тіркемегенін түсіне алмаймын, егер олар үшін ақша алмаса, бирканы мемлекет береді, ол үшін салық төлемейді.

Малдарын тек фермерлер ғана тіркеген. Шағын фермерлер үшін бұл жақта тіркеуге шектеу азайтылған

Әдетте шағын фермер – бұл 50 бас ірі қара мал немесе 5 гектар суармалы егістігі барлар. Маңғыстау облысында жоқ, барлық көрсеткіштер екі есеге төмендетілген. Мұнда егістік жерлер жоқ, ал малға шектеу төмендетілген – 100 қой мен 25 сиыр – бұл малы ең аз фермер.

Мен барып шыққан фермерлерде мал есепке алынған және өлім көп болмаған. Міне, олар жауаптырақ қарайды – алдын-ала азық-түлік базасы мен қорларын дайындайды. Бірақ мұнда қызығушылық басқа – олар өздері ештеңе өсірмейді. Мен өзі үшін бірдеңе өсіретін бірде-бір фермерді кездестірмедім. Барлық жем-шөп сырттан әкелінген.

Маңғыстаудағы жайылым. Мұнайлы ауданы. Фото Кирилл Павловтікі

Жайылым — шөлейтті жер

— Бұл малдың барлығы қайдан шыққан?

– Жергілікті. Біреуінде мысалы, 1996 жылы кооператив құлдырады, ол бұл істі әрі қарай жалғастырған. Оның 500 жылқысы бар және қанша түйесі бар екенін өзі де білмейді, санамаған.

Дәстүр бойынша, , елдің басқа аймақтарындағы фермерлерде, жеке шаруашылықтарда малды малшы бағады. Олар шөптің қай жерде жақсы өсетінін, табынды қайда апарып жаю керектігін біледі. Маңғыстау облысында шопан сирек кездеседі. Екі рет ауыл малын уазикпен және газелмен бағып жүргенін көрдім. Шопандар жоқ.

Малды далаға айдап жібереді, ол өзі иен даланы кезіп, жейтін шөп іздейді. Оны таба ма, жоқ па белгісіз. Аймақтың бір артықшылығы – мал ұрлығы жоқ

Яғни, шөл далада аман қалғандары үйге оралады.

Әзірге сол екі негізгі қиындықты – жайылым мен су тапшылығы. Маңғыстау облысының басым бөлігінде жайылымдар тозған. Алматы облысында Іленің айналасында осындай шөлейт жер бар. Маңғыстау үшін бұл – жайылым.

Көбінесе фермерлерде жылқылар мен түйелер бар, қойлар сирек. Оларға шаруашылық не үшін керек? Жылқы – бұл дәстүрлерге деген құрмет, мәртебе және мұнай компанияларына жеткізу арқылы табыс табу арасындағы қажеттілік. Ал түйелер осы климаттық аймақта өздерін жақсы сезінеді.

– Ал картон жеп жатқандары рас па?

– Түйелердің картонмен қоректеніп жатқанына алғашқы онжылдық емес, өйткені жем-шөп қиындығы бар. Мұнда әрдайым солай болды.

Қарақия ауданы. Фото Кирилл Павловтікі

Шөп беріңдер, бірақ көбірек

– Ал сіз фермерлерден мемлекеттен қандай көмек алғандарын сұрадыңыз ба?

– Әрине. Бір фермер былай деді: “Иә, шөп әкелді, бірақ мен 5 орамды алу үшін барам ба? Маған кем дегенде 50 берсін, көлікпен босқа барғандай болмайын”. Яғни, оларға аз-аздан берілген, бірақ қазір олар ЖҚШ қанша қажет болса, сонша алғанын қалайды. Ал үлкен шаруашылықтар бірден көп алуға болатын кезді күтуде.

Шетелдіктердіің көмегі жөнінде анықтай бастадым. Бізге Еуроодақ Қазақстандық фермерлерге көмек ретінде 200 мың доллар бергенін хабарлаған, USAID 100 мың доллар бөлді. Сонымен қатар, 6 мың фермер зардап шекті, соған көмек бөліінді деп көрсетілген. Сұрастыра бастасам,

Бұл атаулы көмек болып шықты. Оларда аудандар бойынша отбасылардың тізімі бар. Аудандардың бірінде 500 отбасы 175 мың теңгеден алғанын нақты білемін

Бұл бізге ресми түрде хабарланбады. Мен Болат Өтемұратов қорының өкілімен сөйлестім. Олар өз ақшаларын және Еуроодақ пен USAID-тен түскен ақшаны бөлген. Яғни, отбасыларға нақты көмек берілді. Оның үстіне, дәл кімнің жеке қосалқы шаруашылықтардағы зардап шекті, соларға берілген. Айтпақшы, аймақтағы 90% ЖҚШ зардап шекті. Бірақ олардың малы есепке алынбаған болғандықтан, олардың қанша бас жоғалтқанын анықтау мүмкін емес. Тек сөз жүзінде ғана.

Әкімдік ресми статистика бойынша өлген 1163 басқа көмек сұраған фермерлерден өтініш түскенін айтады. Бұл малдардың мал қорымына көмілгені тіркелген. Сондықтан мұнда ақпарат шынайы.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде жазылған қалған 4 мың бас, егер шынымен 5 мыңнан астам бас шынымен қырылған болса, онда мен көрмедім. Және, әрине, өте жағымсыз иіс шығар еді. Немесе оларды алып кетіп, иен далаға көміп тастаған.

Алайда, егер мемлекет барлығына көмектесуге дайын болса, апаттың нақты көлемін жасырудың қажеті бар ма?

Сондықтан мен жұттың дәл бізге жеткізгендей болғанына күмәнім бар. Сол кезеңдегі барлық фотосуреттерде 2-3 өлген жылқыны көруге болады.

Мұнайлы ауданы. Жылқыларды бордақылауға қойған. Фото Кирилл Павловтікі.

Тым арық мал — бұл норма

— Сіз 2 ауданды аралап жүргенде, БАҚ-та көрсеткендей “құр тері мен сүйегі ырсиып тұрған” жылқыларды көрдіңіз бе?

– Иә, мұнда бәрі сондай. “Тері мен сүйек қана” емес, бірақ бұл сою алдында тұрған бордақыланған жылқылар.

— Жағдай тек осы жылы ғана осындай болды ма, әлде бұл өңірдің тұрақты қиындығы ма?

– Тұрақты. Содан кейін жануарлар бордақылауға қойылады, құрама жеммен, дәнді дақылдармен қарқынды тамақтандырады да, сатады. Алайда, фермерлердің өздері мойындағандай, ет сату жағы нашар.

Таңғалдым – барлығы сырттан әкелінеді, ал іс жүрмейді. Оларға ет бағасын өздері қалағандай етііп қоюға рұқсат бермейді екен

Сондықтан су мен жемге байланысты біреулер кедейлікке ұшырады деп айту артық болады.

Мұнайлы ауданы. Жылқыларды бордақылауда. Фото Кирилл Павловтікі.

— 1163 малдың ресми түрде өлгені тіркелді, шығындар есептелде, қысқа дайындық жүріп жатыр. Фермерлердің өздері не дейді – оларға қандай уәде берілген? Ауылшарминінің мәлімдегені жете ме?

— Қазір менің түсінуімше, барлығы қысқа дайындықпен айналысуда. Бүкіл аймақтың көлемінде айту қиын, басқа аймақтардан не келді, не келмеді, соны айтса да жеткілікті. Бірақ мен сұрадым, неге қор жоқ? Біреулердің шөбі жоқ және оны дайындайтындай ештеңесі жоқ. Ал біреулері, қыста қажеттілік туындаған кезде сатып аламыз дейді.

Мағынасыз ауыл шаруашылығы

— Яғни, олар маусымның қызған шағында, ең жоғары бағамен сатып алады, содан кейін кіріс жоқ деп шағымданады, солай ма?

— Иә, дәл солай. Мұнда, жалпы алғанда, фермерлік басқа аймақтарға қарағанда басқаша құрылған.

Еттің бір килограмы орта есеппен 3 мың теңге тұрады, ал ауыл шаруашылығының ауыр жағдайын ескерсек, ол қымбатырақ болуы тиіс

Аймақтағы су проблемасы күрделі. 150 метр тереңдіктегі су өте тұзды. Тұщы суға жету үшін ұңғыма қандай тереңдікте болуы керек екенін білмеймін.

Мен суландырылған жайылымдарды көрген жоқпын. Біреуін көрдім, ол жерде жерден ыстық су ағып жатыр – 65-70 градус. Су өте тұзды. Міндетті түрде зертханада минералды заттардың бар-жоғын анализатор арқылы тексеремін. Егер олардың мөлшері көп болса, бұл жергілікті малдың судың сапасына байланысты тамақ ішпейтінін білдіреді.

Әзірше Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығы өте күмәнді, шығынды көп қажет етеді деген қорытындыға келдім

Көптеген фермерлердің орнында болсам, мен мұндай бизнестің пайдалылығы туралы ойланар едім. Бір жағынан, малды өз еркімен жайылымға жіберген жақсы, ал екінші жағынан, ол тірі және жиі азық таба алмайды.

Фермерлерге тікелей субсидиялар

– 11 тамызда ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтардан “Казимпекс-Ақтау” қорының шотын көрсете отырып, өңірге көмек ретінде ақша жинауды сұрады. Министрге сұрақ қойылды – бұл қандай қор, кімнің шотына ақша аударуды сұрап отырсыз? Ол адал жауап берді, білмеймін деді. Жалпы ақпарат бар ма, қанша ақша жиналды?

– Ақша туралы облыс әкімдігінен сұрау керек. Мен де бұл қор туралы сұрадым. Бұл бұрыннан құрылған жергілікті қор. Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысына келіп, бір күндік жалақыларын аударды, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы басқармалары мен әкімдіктің басқа да құрылымдары аударды. Мен нақты айта алмаймын, бірақ менің ойымша, олар бірінші жинағанда 40 миллион жиналды.

Мен бұл ақша қайда кеткенін деп сұрадым. Темір жол қызметтеріне және жем-шөпті тиеу-түсіру жұмыстарына ақы төлеуге.

– ҚТЖ маал азығын жеткізуге 75% жеңілдік бергенін мәлімдеді ме?

– Дегенмен, жеткізу әрқашан да ақша тұрады емес пе.

Кирилл Павлов

— Егер барлық айтылғандарға қарап, жалпы соңғы түйіндеме жасасақ: өңір малды қинағанды тоқтатуы керек емес пе? Қазақстан Ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев айтқандай, Маңғыстаудың фермерлері барған бұл тәуекелдер олардың өз тәуекелдері, мемлекеттің кінәсі емес, солай ма? 

– Мақсұттың осы айтқанымен келісемін. Бұл аймақта ауыл шаруашылығына деген көзқарасты түбегейлі қайта қарау керек. Түйелер шөлейтте өздерін қалыпты сезінеді, ал қалған малға обал.

Аймақты ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін фермерлердің қажеттіліктерін тікелей субсидиялауға болады

Осыған қатысты АҚШ-тағы талондар жүйесі жақсы келеді. Азаматтар супермаркетте немесе дүкенде фермерлерге қажетті тауарлардың ақысын арнайы карточкамен төлей алады. Керемет бағдарлама, барлық түсініксіз делдалдарды айналып өтіп, нақты фермерлерді қолдауға бағытталған.

– Маңғыстауда мал шаруашылығымен байланысты жағдай үнемі осындай болса, 2021 жылғы бұл дүрлікпе немен байланысты?

– Біріншіден, биыл жаңбыр жауған жоқ, бұл жем-шөп базасына қатты әсер етті. Яғни, бұл сыни нүкте болды.

Екіншіден, БҰҰ журналистер арасында климат проблемаларын жариялауға арналған 1 орын үшін 2,5 мың доллар сыйақысы бар байқау өткізді.

Логика және ақылға қонымды ой

— Сосын түймедейді түйедей етті ме?

– Түйедей еткені соншалық, тіпті еліміздің солтүстігінде азық-түлік бағасы 40%-ға қымбаттады. Мұның бәрі ет құнына қисынды әсер етеді.

– Демек, Қарашөкеев 2021 жылы елдің ауыл шаруашылығында болған оқиғаға дәл журналистер кінәлі дегені дұрыс па?

— Қарашүкеевтікі ішінара дұрыс. Себебі көптеген БАҚ анықтап жатпай, орын алған жағдай туралы жазып, жануарлардың екі өлексесінің суретін салып, оны мал қорымы деп атады.

Бірақ екінші жағында, АШМ қиындықты қисынды ойға аударуына болмайды

Маңғыстау облысында болып жатқан жағдайға ведомство бұдан 25 жыл бұрын атсалысуы керек болатын.

– Егер қандай да бір ақша жұмсап, ондағы жайылымдарды суландырсақ, яғни мал шаруашылығына жағдай жасау мүмкін бе?

– Билік қазір өңірдің ауыл шаруашылығын дамытудың қандай да бір стратегиясын әзірлеуде. Мен олардың орнында бірінші кезекте ойланар едім, бұқаралық ауыл шаруашылығы тұрғысынан оның пайдасы бар ма?

Әрине, жайылымдарды суландыру керек, өйткені жерлері тозған. Бұл процесті тоқтату керек, әйтпесе көп ұзамай біз тағы бір Бетпақдаланы аламыз. Бұл маңызды

Мүмкін, мал шаруашылығын реттеу керек шығар. Егер билік фермердің 500 бас жылқысы бар екенін және оның бар-жоғы 500 гектар жері бар екенін көрсе, бұл жануарлардың ашығуына тікелей жол. Нормативтер бойынша 1 бас ІҚМ немесе жылқыға 10 гектар жайылым болуы тиіс. Бұл ең азы, өйткені бәрі жайылымның сапасына байланысты. Маңғыстау облысында бұл кем дегенде 10 есе аз, себебі жер 100 есе нашар. Жануарларға бұлай салғырт қарауға болмайды.

Жануарларды азаптау хоббиі ма?

– Фермерлердің өздері мемлекеттің көмегі жеткіліксіз екенін, жайылымдарды суландыра ма әлде суландырмай ма, мемлекеттің стратегиясы қандай болатыны да түсініксіз – бизнеске деген өз көзқарастарын қайта қарағысы келмей ме?

— Мен бұл сұрақты қойдым. Ақтөбеге өз ісін көшіруді жоспарлап отырған фермерлер бар. Ал біреулері Ақмола облысына бармақшы, өйткені онда бос жер көп және барлық жағдай бар.

Бірақ Маңғыстау облысында фермерлік үшін жұмыс істейтін фермерлер сирек кездесетінін есте ұстаған жөн. Бұл негізінен қосымша табыс немесе жылқы ұстауды абырой көреді

Олар соны фермерлік деп атайды. Біреулер дағдыланып кеткен, сол ізбен жүре беруді ойлайды. Олардың барлығында бір аптадан артыққа жетпейтін жем-шөп қоры бар. Бұл мүлдем ақылға сыймайды.

Неге қыста қыстауға және жазда жайлауға көшпейсіңдер деп сұрадым. Олар 30 жылдан бері бір жерде отырғандарын айтады. Жалпы, өте қисынсыз логика, шынымды айтсам. Іс жүзінде, өлген малға қатысты жағдай сияқты.

Жалғасы бар…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз