Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған. Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.
«Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр», — делінген полиция таратқан хабарламада.