Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Маңғыстау облысында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды

Ақшұқыр ауылында заман талабына сай жабдықталған медициналық орталық пен спорт кешені бой көтерген. Одан бөлек 140 бөбекті қамтитын балабақша да пайдалануға берілді.

Бал татитын шұбатымен әйгілі Таушық ауылында 100 балаға арналған балабақша ашылды. Бұл – жергілікті кәсіпкер Айбек Қосуақовтың ауылдастарына жасаған тартуы. «Күншуақ» балабақшасында балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына барлық жағдай жасалған.

– Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында этнокабинет жасақтадық. Онда ұлттық ағаш үйіміз бар және де ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін, ата-бабамыздың дәстүрін балаларға одан әрі жалғастыруды этнокабинет арқылы жылдық жоспарымызға енгіземіз. Әр оқу қызметінде сол жерге келіп балалар сабақ оқиды, – дейді балабақша меңгерушісі Алмагүл Баянова.

Ақшұқыр ауылында да жергілікті азаматтардың атсалысуымен сәулетті балабақша бой көтерді. Мұнда 140 бүлдіршін қабылданып, 50-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Осылайша ауылда балабақша тапшылығы толық шешілді.

Ақшұқыр ауылының жомарт жігіттері спортқа ынтық балаларды да қуанышқа бөледі. Ауылда алғаш рет заман талабына сай спорт кешені пайдалануға берілді. Мұнда бір мезгілде 400 адамға дейін жаттыға алады.

Жерлестеріне сый жасауда Түпқараған ауданының азаматтары көш бастап тұр. Алдағы уақытта «Туған жер» бағдарламасы аясында тағы бірқатар жоба жүзеге асырылады, – дейді әкімдік өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз