Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Маңғыстау облысында аңға шыққандар досын атып өлтірді

Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, кісі өлімі абайсызда болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда марқұмның туыстары оқиғаның абайсызда болғанына сенбейді.

«1 желтоқсанда аңға төрт ер адам шыққан. 2 желтоқсан күні күндіз ер адамның басына оқ тиіп, сол жерде қаза тапқан. Дегенмен шұғыл жәрдем көрсетіліп, полиция шақырылмаған. Мәйітті көлікті жүксалғышына салып, 3 желтоқсан түн ортасына дейін 9 сағат бойы тасыған. Содан кейін ғана Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген.  2 желтоқсан күндіз қаза болған сәттен 3 желтоқсан түнде дене жеткізілгенге дейінгі кезең қылмыстың абайсызда болды деген нұсқасымен мүлдем сай келмейді. Бұл өте маңызды», – дейді ер адамның жақындары. 

Туыстарының айтуынша, қайық, қару, киім және қаза тапқан адамның телефоны жасырылған, ал аңға барған күдіктіден басқа адамдар іс бойынша куәгер ретінде танылып, бостандықта жүр. Олардың айтуынша, бірнеше сағат бойы денені тасымалдап, оқиға туралы тиісті органдарға хабарламаған адамдарды тек куәгер деп санауға болмайды. Марқұмның отбасы істі жауып тастаудан қауіптеніп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз