Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің редакция сауалхатына берген жауабында айтылады.
“Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарын ұстады. Ол 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді”, – деп хабарлады агенттік өкілдері.