Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Маңғыстау-Ақтөбе пойызында екі бүлдіршіннің үстіне төсек тақта құлап кетті

328

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 2 қарашада орын алған. Купедегі жоғарғы төсек тақта екі баланың үстіне құлап кеткен.

Зардап шеккен балалардың анасының сөзінше, ол құлап кеткен ап-ауыр тақтаны өзі көтеруге шамасы келмепті. Көмекке келген 3 ер адам тақтаны көтеріп, астындағы балаларды шығарып алған.

«Жатуға арналған төсек тақтаның құлап кетуі салдарынан балалардың басы жарақаттанып, маңдайы жарылып, құлағы тілініп, басы көгеріп қалды. Екеуінің де миы шайқалған», – дейді анасы.

Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дағылардың мәліметінше, төтенше жағдайдан кейін пойыз бригадасының қызметкерлері зардап шеккен балаларға бірден қажетті көмек көрсеткен. Сонымен қатар таяу жердегі станцияға жедел жәрдем шақырылыпты.

Анасының сөзінше, зардап шеккен балалар қазіргі уақытта тән жарақатын емес, психологиялық зақым алған. Бүгінде олар тиісті ем алып жүр екен. Оның ақысын «Жолаушылар тасыламылы» компаниясы келісім шартқа отырған сақтандыру компаниясы толықтай төлеп береді екен.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ кешірім сұрап, зардап шеккен балаларға тезірек сауығуын тілейді», – дейді компанияның ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Сонымен қатар ол жақын уақытта ТЖ орын алған пойыздың барлық вагонының қауіпсіздігі тексерілетінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз