Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мамин Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектердің қоры туралы айтты

168
Сурет: sacdokulmesi.com.tr

«Инфекциялық стационарлар үшін 91 атаудан тұратын дәрілік заттар қоры қалыптастырылды, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 8,2 млрд теңге сомасына 60 мың адамды емдеуге жететін  барынша сұранысқа ие дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптастырылуда. Коронавирустан үйде емделу үшін1,5 млрд теңге сомасына (1 млн адамды қамту жоспарланған) 5 түрлі дәрі-дәрмек (қызуды төмендететін, антикоагулянттар) сатып алынды», —  деген премьердің сөзін «ҚазАқпарат» келтіреді.

Үкімет басшысы дәріханаларда тапшылыққа жол бермеу үшін бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек сауда желісінде сату үшін оларды көтерме сатып алу өкілеттігі берілгенін атап өтті.

«Осыған байланысты 10 млн маска, оның ішінде 392 млн теңгеге 500 мың балалар маскасы сатып алынды, 3,1 млрд теңгеге 33 дәрілік зат сатып алынды. Барлық өңірлерде сұранысқа ие дәрілік препараттарды сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлу үшін 15 млрд теңге сомасына дәрілік заттарды тұрақтандыру қоры ұйымдастырылды. Мониторинг нәтижелеріне жүргізілген талдау көтерме қоймаларда және дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар қорының өскенін көрсетті. Мысалы, антибиотиктер3,8 есе, антикоагулянттар – 33 есе, вирусқа қарсы препараттар – 2,9 есе, антипиретиктер – 4,1 есеге ұлғайды», — делінген жауапта.

Медициналық ұйымдарда жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры қалыптастырылған. Қажеттілікке сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін ауылдық ауруханалар мен емханаларды 100%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 53 рентген-аппарат, қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандырылған 100 жылжымалы медициналық кешен, 1 167 бірлік санитариялық автокөлік, 2 780 ӨЖЖ аппараты, 64 оттегі станциясы сатып алынады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз