Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Маман Сейфуллин бойында тұрған жігіттердің мәселесі қайткенде шешілетінін айтты

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Айман Жүсіпова kaz.365info.kz сайтына берген берген сұқбатында айтты.

Жұмыссыздарға негативті көзқарас қашан жойылады?

– Мысалы, АҚШ өз-өзін жұмыспен қамтуда кәсіпкер болуға ұмтылған индивидумдар үшін қолайлы жағдай жасап, инновациялық идеялар мен өнімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. ЕО елдерінде де өзін-өзі жұмыспен қамту саласындағы көптеген мамандықтар  бойынша таңдау мүмкіндігі жасалған.

Мысалы, Ұлыбританиядағы Кент университетінің кеңесшілері жеке кәсіпкерлер мен еркін мамандық өкілдеріне арналған 400 астам қызмет түрін ұсынады. Ал бізде қалай?..

Посткеңестік қоғамның едәуір бөлігі жұмыссыздарға негативті көзқараста, ондай адамдардың көптігі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дұрыс дамымағандығы деп, ал, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға халықтың әлеуметтік осал топтары ретінде қарайды, – деді ол.

Айман Жүсіпова өз талқысында Елбасының Жолдауда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін сынауы бекер еместігін айтады.

https://kaz.365info.kz/shymkentte-politsiya-podpolkovnigi-zhymyssyzdardy-tonap-kelgen-269093

– Иә, Елбасы өз Жолдауында құзырлы органның «бұл істе жауапкершілік таныта алмағанын» айтты.

Дамыған елдерде формальді сектордағы өзін-өзі жұмыспен қамтуды жұмыссыздықты қысқартудың мүмкіндігі ретінде қарастырады, сондай-ақ, формальді емес түрі де бар. Әрине, еңбек нарығының сегментациясына басымдық бере отырып, еңбек заңнамасын лайықтау арқылы формальді емес өзін-өзі жұмыспен қамту ауқымын қысқарту көзделген.

Сонымен бірге, өзін-өзі жұмыспен қамту – бүгінгі таңда ең көп тараған, бірегей тренд. Мысалы, АҚШ-та оның үлесі ЖІӨ-нің 10-нан 33 пайызына дейін құрайды.

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қоғам дамуының факторы ретінде қабылдана бастады, бұл, өз кезегінде, жалпы әлемдік замануи трендтерге жауап береді. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды есептеу елімізде әлі күнге дейін даму мен жетілу үстінде. Осы жағын әлі түзеу керек, – дейді ол.

Өзін-өз жұмыспен қамтушыларды салық төлеуге мәжбүрлеуге болмайды

Бүгінгі таңда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,2 млн адамды немесе еңбекке жарамды халық санының 28 пайызын құрайды. Сонымен бірге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жартысынан көбі ауылды жерлерде тұрады екен.

https://kaz.365info.kz/kedejlik-13-ese-khyskhardy-prezidenttin-zhana-zholdauy-shykhty-297146

– Бұл жердегі ең өзекті сұрақ, ол Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды салық төлеуге қалай жеткізу, бұл мәселеге өз еріктерімен қарату. Және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды көлеңкелі сектордан шығару олар үшін де, мемлекет үшін де тиімді болуы шарт. Президент Жолдауында мемлекет алдындағы міндеттерін абыройлы орындау үшін жағдай жасалу керектігі айтылған. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, формальді емес өзін-өзі жұмыспен қамтуда тыйым салу мен шектеу арқылы жұмыс жүргізу тиімсіз.

Президент өз Жолдауында ағымдағы жылы өнімді еңбек пен жаппай кәсіпкерлікке адамдарды тарту керектігі туралы айтты. Бұл тұрғыдан алғанда, экономиканы цифрландыру дамыған кезде Қазақстандағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) басымдық беру қажет, себебі, ШОБ қана адамдарды жұмыспен қамтып, елдің дамуын үдете алады.

Тағы бір атап өтетін жайт, заманауи әлемде жұмыспен қамту диверсификациясы маңызды бәсекеге қабілетті басымдыққа айналуда. Соның бір дәлелі – Президенттің ел тұрғындарын кез-келген елді-мекенде жаңа жұмысқа тез орналасуды қамтамасыз етуді тапсыруы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз