Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Маман мектептен көмек алу үшін қандай құжаттар қажеттігі туралы айтты

199

Ол үшiн ата-аналар мектепке келіп, көп балалы ана екенiн дәлелдейтiн куәлiгiн көрсетуi тиiс. Жолдасының жұмыс iстейтiн-iстемейтiнi туралы құжат қажет, егер жұмыс iстесе, еңбекақысы туралы қағаз, жұмыс iстемесе еңбекпен қамту орталығынан құжат керек. Соның бәрi есептелiп, орташа айлық еңбекақы отбасы мүшелерiне бөлiнедi. Сондағы еңбек табысы ең төменгi орташа айлықтан аз болса, көмек көрсетiледi, егер асып кетсе, онда көмек көрсетiлмейдi, – дедi Астана қалалық бiлiм басқармасының бас маманы Тоқташ Жұмабаев.

Маманның айтуынша, қазiргi таңда ең төменгi орташа айлық 22 мың 835 теңгенi құрайды. Егер құжаттар жиналып, жанұя осы санатқа енетiн болса, балаларға тегiн жолақы билеттерi берiледi, олар тегiн тамақтанады және мектеп қорынан киiм-кешек пен кеңсе тауарлары түрiнде көмек көрсетіледі.

Атап өтсек, елордада 1-4 сынып оқушыларының барлығы тегiн тамақтанады. Сондай-ақ көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары да тегiн тамақпен қамтылады, тек тұрмысы төмен отбасы санатына жататынын дәлелдейтiн құжат болса болғаны.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз