Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мама, күн бермейді мұнда”. Алматы облысында сарбаз өлім аузында жатыр

122

Түнгі сағат 1 шамасында болған оқыс жағдайдың мән-жайын қайғыдан қан жұтқан ата-ана әлі де түсіне алар емес.

“Ұлым әскерге кетіп, 3 айдан кейін мына жағдай болып жатыр.  Білмеймін не болғанын, түсініксіз. Оқ жақтан кіріп бастан шыққан ғой”, — дейді жәбірленушінің әкесі Ержан Ахметов.

Оқтың Ертуғанның қолындағы Калашников автоматынан атылғаны белгілі. Оның үшеуі сарбазға дәл тиген. Сондықтан, дәрігерлер дереу ота жасапты. Соған қарамастан, жігіттің жағдайы тым ауыр.

“Жағдайы өте ауыр. Қазір комада жатыр. Біз қажетті ем-домды жасап жатырмыз. Науқас арнайы аппаратта”, — деп мәлімет берді Қапшағай қалалық ауруханасы директорының орынбасары Қайрат Иманғалиев.

Әскери бөлімдегі камераға сарбаздың автоматты оқтап жатқаны түсіпті. Ал, атылған сәті еш жерде жоқ. Сол кезде қасында бірнеше қаруласы болғанымен, олар да мардымды ештеңе айтпапты.

Сондықтан, қазір жұмбақ жағдайдың болжамдары ғана бар.

 

https://kaz.365info.kz/barindi-khyrtam-ontystikte-symdykh-okhiga-oryn-aldy-304213

 

 

Жақындары болса Ертуғанға әскерде қысым көрсетілген деп ойлайды. Сөйтіп, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген болуы мүмкін. Өйткені, бұған дейін анасына қоңырау шалғанда, қиналып жүргенін жеткізіпті.

 

 

https://kaz.365info.kz/akhtobede-bolgan-atys-turaly-zhana-derek-shykhty-306755

 

 

Ал, әскери бөлімдегілер жас жігіт оқты өз-өзіне абайсызда атып алған деп топшылайды.

“Біздің болжам бойынша, қару ұстау ережесін дұрыс сақтамаған деген күдікпен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әлімжеттік фактілері тіркелген жоқ”, — дейді 7552 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік құқықтар бөлімшесінің бастығы Бағлан Қалдыбек.

Хәл үстінде жатқан науқасты қазір басқа ауруханаға ауыстыру мүмкін емес. Жарақат алған сарбаздың жақындары прокуратураға шағым түсірді. Мақсаттары – жігіттің оққа ұшуына кінәлілердің тиісті жазасын тартқызу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз