Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сүт – сасық”. Нәрестесін дұрыс тамақтандырмаған ата-ана сотталды (видео)

Бельгиялық Дендермоне қалалық судьясының айтуынша,

жеті айлық нәрестенің салмағы төрт келіден сәл ғана асқан. Туғаннан кейін анасының сүті азайып, жұбайлар баласына «лактоза қосылған жануарлар сүтін бере алмаймыз», – деп шешкен. Олар балаға шөп өнімдерінің сұйық қоспасын ғана беріп, тамақтандырған.

Бірақ, жергілікті журналистердің айтуынша, дәрігерлер баланың сиыр не ешкі сүтіне аллергиясы бар деген диагноз қойған емес.

Мике Бутстран, судья:

– Лукас аштықтан зардап шеккені анық, оның ішкі ағзалары екі есе қысқарып қалған, баланың денесінде және ішкі ағзаларында шын мәнінде ешбір май жоқ болып шыққан. Нәресте дұрыс тамақтандырылмаған, нәтижесінде аштықтан қайтыс болды. 2014 жылдың 6 маусымында ата-анасы оны жақын аурухананың төтенше бөлімшесіне апарғанда, мамандар баланы құтқарып қалар еді.

Сотталғандардың адвокаты Карин Ван Mервен Лукастың: «ата-анасы оның аштықтан зардап шегетінін біраз уақытқа дейін сезбей жүрген», – дейді. Нәрестенің жағдайы әбден нашарланған кезде ғана олар гомеопатия саласындағы дәрігерге көрсетпек болады.

Карин Ван Мервен, адвокат:

– Ата-анасы баланың жағдайы нашарлап кеткенін кеш түсінді. Ауруханаға келе жатқанда, тәртіп сақшыларын кездестіріп, полицейлер нәрестені жедел түрде аурухананың төтенше бөліміне жеткізген. Лукастың әке-шешесі жағдай бұлай болады деп ойламаған.

Дәрігерлердің медициналық көмекті барынша жасағанына қарамастан, жеті айлық Лукас ауруханада қайтыс болды. Бірақ сот дұрыс тамақ бермеген ата-ананы алты айға ғана бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бельгиялықтардың көбі бұл шешімді тым жеңіл деп санап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз