Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Мақпал Жүнісова жұрттың несиесін жауып жүр

422

Тіпті туыстарының несиелерін де жабуға көмектесетін көрінеді. Бұл туралы халық әртісі НТК арнасындағы “Ревю” бағдарламасындағы сұхбат барысында айтты.

“Кредит алған туыстарым бар. Олар алады, мен жабамын кредитті. Екі-үшеуі алған еді. Өзім жауып бердім. Сосын, алмаңдар деп айттым. Неге кредит аласыңдар? Әлдеріңе қарап алмайсыңдар ма? Алдыңда жейтін наның болса, шәйің бар ма? Жыртық киім киіп жүрген жоқсың ба? Соған да шүкір деңдер”, – дейді әнші.

Несиенің пайдасынан гөрі зияны көбірек екендігін ескерген Мақпал Жүнісова несиенің торына ілініп қалудың бірнеше себептерін де айтып өтті.

“Кредитті неге алады? Той жасаймын деп алады. Кредитті неге алады? Машина мінемін дейді. Содан соң кредитті жаба алмай үйінен айырылып қалып жатыр, тағы сондай сияқты нәрселер көп енді. Байлыққа қызығады, “мен де мінуім керек, мен де норка шуба киюім керек, бриллиант тағуым керек” деген әңгімелер көп қазір. Оның ешқандай да қызығы жоқ”, – деп сөзін қайырды әнші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз