Халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова ақшаны қалай жұмсау керек екенін білмейтін болып шықты. Әншінің айтуына қарағанда ол ақша жинап,оны бір пайдалы кәсіп ашуға жұмсап көрмепті.
«Зәкеңе тіл тигізді…». Мақпал Жүнісова өзіне қатысты видеоның тапсырыспен түсірілгенін айтты
Жасыратыны жоқ қазіргі таңда көптеген әншілер өз атақ дәрежелерін пайдаланып, қосымша табыс көзін жасап жүр. Мақпал Жүнісова болса кәсіп ашудан ат тонын ала қашатындардың бірі десе де болады.
“Маған күйеуім бір кездері мейрамхана ашып берейін деген, біраздан соң сұлулық салонын сатып әпермек болды. Бірақ менің қолымнан ақша жинау,кәсіп ашу деген келмейді және бір керемет кәсіпкер де шықпайды.
Әлі күнге дейін солай, бұл бір құдайдың өзінің менің ондай іспен айналыспауым керек екенін білдіргені шығар.
Мен әншімін, соның арқасында Мерей екеумізге жетерліктей табыс табамын.Сол бізге жетеді”, дейді әнші.