Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Майдан даласында оққа ұшқан сарбаз 75 жылдан кейін жерленбек (видео)

Сүйегінің белгілі бір бөлігі ғана аман сақталған сарбаздың қасынан өзінің аты-жөні ойылып жазылған қасық пен капсула шыққан. Мұрағат құжаттарында Құспанғали Боранбаевтың1922  жылы дүниеге келіп, әскерге 1941 жылы алынғандығы және оның 28-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқандығы айтылған.

1943 жылы Новгород облысының Парфинский ауданы маңында ерлікпен қаза тапқан сарбазға бүгін жерлестері құрмет көрсетті. Қаладағы жеңіс саябағында салтанатты шара ұйымдастырылып, сарбаздың сүйегі туыстарына табысталды.

“Менің әкемнің әкесінің туған інісі. Енді біздің міндетіміз әрі қарай туған жеріне, өзінің бауырларының қасына осы сүйекті апару, сол жақта қазақша салтпен барлық дәстүрлерін ұйымдастыру”, деді туысы.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз