Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Махаббат жоқ дегенге сенбеймін» – оқушы қыздың жан сыры

430

«Лаура, жаным! Сен мен жайлы ешқашан жаман ойлама. Мен бұл іске әдейі барған жоқпын. Бәрі де амалсыздан болған. Жарымжан әкемді емдетейін, дәрідәрмек әперейін деп ұрлыкқа бардым. Өйткені одан басқа ақша табудың жолын таппадым. Енді міне, соның азабын тартып, әкемді тірідей өлтіріп, істі болып барамын. Бар жағдай осы, мен жайлы айтылған басқа өсек-аяңға сенбе. Аманшылық болса, мен әлі-ақ ораламын. Үш жыл деген не? Тез-ақ өте шығады. Шын сүйсең күт, жаным. Ал тағдыр екеуімзді қоспаса, амал қанша? Онда сыртыңнан бақытты болуыңды тілеп өтермін.Хош, жаным!».

Бар-жоғы осы.
https://kaz.365info.kz/mahabbat-bar-degenge-senbeushi-edim-bojzhetkennin-ystykh-haty-279163

Аяным менің, сен қанша жыл отырсаң да, сонша жыл күтемін. Оған менің шыдамым да, төзімім де жетеді, деймін іштей өксіп.

Аянға деген махаббатымды, оны күтетінімді айтсам, кей құрбы қыздарым таң қалады. Тіпті кейбірі: «қойшы, Лаура, күлкімді келтірмей. Аян сенен бес жас үлкен. Ол оралғанша қай заман? Келесі жылы мектеп бітіресің, студент боласың. Әлі саған «мынауский» жігіттер кездеседі. Қайтесің сол ұры түремшікті. Ол сенің теңің емес. Ертең қара да тұр, ол түрмеден қаны бұзылып келеді. Саған жігіт болып жарытпас. Осы бастан басқа жігіт тап. Гөлайт ет», деп жанымды жаралайды.

Соңғы кездері құрбыларымнан бөлініп, саяқси беремін. Көз алдымда Аян. Сабаққа түк құлқым жоқ.

Кейде Аянның үйіне барып, кәрі әке-шешесіне көмектескім келеді.

Амал не, қыз баланың жолы жіңішке деген осы ғой. Батылым жетпейді. Әрі ауыл арасыңдағы өсектен қорқамын. Сондай да Аян маған жиі кайталайтын бір шумақ өлең жолы көкейіме оралады:

«Қыранның қанаты бар самғай-тұғын,

Тұлпардың тұяғы бар талмай-тұғын.

Ал менде бір ғана үміт тек өзіңмен,

Мәңгілік арамызды жалғай-тұғын».

Осы өлең шумағын қайталай беремін. Аян, мен сені күтемін., Өйткені менің саған деген бала мaхаббатым ешқашан сөнбек емес. Тек, үміт отын үзбегейсің.

Ал қасымдағы дос қыздарымның «Махабат жоқ» дегеніне сенбеймін. Махаббат бар, мен оны дәлелдеймін дегім келеді».

Сіздер не дейсіздер махаббат бар ма, жоқ па?

https://kaz.365info.kz/akhsha-khydyru-men-kafe-yshin-bolmedegi-khyzdar-birneshe-zhigitpen-zhyrip-zhyr-286598
Руза Елтүзерова

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз