Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Маған үйреткен – осылар…”. Алматы облысында мүгедек баланы өлтірген тәрбиешінің соттағы сөзі елді шошытты

Ал орнына келген орынбасары ондайды «көрмедім» қарақан басын ала қашты. Түн ішінде мүгедек баланы тұншықтырып өлтірді деп айыпталып жатқан тәрбиеші, міне, осы.

30 жастағы келіншек өзін тым жайбарақат ұстаған. Оның сөздерінен, керісінше, соттағылар шошыды.

“Мен баланы, төсегіне байладым. Бірақ баланы мен ұрып-соғып азаптаған емеспін. Байлап қойғанда демалып тұрды бала”,-деді Мейіргүл.

Алғашқы сот отырысында-ақ баланы таңып байлағанын мойындаған күтуші ол әрекетінен ешқандай әбестік көрмейді екен. Айтуынша, әріптестері де мүгедек балаларды осылай байлап тыныштандырады екен.

“Қай жерде жазылған баланы тынышталмаған жағдайда алып жөргекпен байлау деген? – Неге байлайсыз ? Мен көргенімді істедім”,- деді сотталушы.

Тәрбиеші бұл әдіс мүгедек балалар интернатындағы қалған 90 балаға да қолданылатынын айтып, сотқа қатысушыларды шалқасынан бір-ақ түсірді. Сөйтсе, жындыхананың тәсілін мұндағылар жылдар бойы қолданып келеді екен. Бірақ, сотқа куәгер ретінде шақыртылған басқа тәрбиешілер Жалымованың сөзін теріске шығарды, әрине. Тіпті, бала өзі ауру болатын деп оның өлімін кездейсоқтыққа баламақ болды.

Сотталып жатқан тәрбиешісінің осы сөзінен сескенді ме интернат директоры сотқа өзі келмей, орынбасарын жіберіпті. Бірақ, судьяның сұсты сұрағына «көрмедім» деп құтылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз