Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Мадина Садуақасова: «Қазір отбасымда түсініксіздеу жағдай болып тұр»

569
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Мадина Садуақасованың өмірінде үшінші ай қатарынан түсініксіз жағдай болып жатыр. Әнші отбасындағы жағдайға қатысты алаңдауда. Жарымен арада қандай жағдай болғаны туралы ашық айтпаса да, екеуінің ара-қатынасы сыннан өтіп жатқаны анық.

«Неге соңғы кезде не істесем де жұрттар мін іздеп, не болса соны жаза бастады? Жеке өміріме қатысты-ау деймін, иә? Қазір отбасымда түсініксіздеу жағдай болып тұр, бәрі реттеледі, уақытша деп сенемін. Бірақ менің әр қимылыма, фотома, әніме, басқа өміріме қатысы жоқ қой, сол баяғы Мадинамын. Әлде жеке өмірімде өзгеріс болып қалса әнімді тыңдамай, мені жақсы көрмей кетесіздер ме?» — деп сұрақ қойды әнші.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде Мадина Сәдуақасова мен Олжас Смағұловтың ажырасуы мүмкін деген қауесет тарады. Әншінің өнерін сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері оның жеке өмірінің қатысты алаңдап, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы сұраудан жалықпауда.

Осы күнге дейін Мадина отбасындағы жағдайға ешқандай түсініктеме бермей келді… Бітпес сұрақтан жалығып, мезі болса керек, тыңдармандарына жағдайды осылай түсіндірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз