Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мадина Әбілқасымова жәрдемақыға бөлінген қаржының неге азайғанын айтты

299

Ал біз неге оны керісінше қысқартуымыз қажет? Айталық, Ресейде ана капиталы деген бар емес пе? Балаға, анаға берілетін қаражатты қысқарту арқылы бала санын қалай көбейтеміз және демографияны қалай көтереміз?” — деді сенатор.

Мадина Әбілқасымова әлеуметтік салаға бөлінетін бюджет қаражатының неге азайтылып отырғанын түсіндірді.

“Біріншіден, бала туғанда берілетін бір жолғы төлемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғы жәрдемақы алушылардың болжамды санының азаюына байланысты шығыстар 2,7 млрд теңгеге қысқартылды.

Бюджетті жоспарлаған кезде 5 жыл бойы бала туу динамикасының өскенін есепке алған едік. Бірақ 2017 жылды алып қарасақ, бала туу 19 мыңға азайды. Биыл осы жәрдемақыны алатын адамдардың саны тағы да азаяды деп күтіп отырмыз.

Шығыстарды қарастырғанда 5 жылдың динамикасын алғанбыз, бірақ 2017 жылдың қорытындысы бойынша біздің болжамымыз өзгерді”, — деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мақсатқа бөлінетін қаржы қысқарғанымен, жәрдемақы саны мен оның мөлшері өзгермейді. Ол қазір көп әйелдің жұмысқа орналасып, бала күтіміне байланысты төлемдерді әлеуметтік сақтандыру қорынан алып жатқанын атап өтті. Ал қордан алса, төлемақы мөлшері үлкен болады.

“Екіншіден, төрт балалы отбасыларда 1-ші және 2-ші балаға алған төлемдердің мөлшері аздау болады, ал 3-ші мен 4-ші балаға көп болады.

Қазіргі біздің болжамымыз бойынша, 3 және 4-ші бала туғанда берілетін төлемдер кішкене азайды.

Себебі 1-2 балалы отбасылар саны көбейді. Сондықтан шығыстарды кішкене қысқарттық. Бірақ мөлшері бірқалыпта қалып, өсіп жатыр”, — деді Әбілқасымова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз