Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Маңғыстауда соңғы тиынын құмар ойындарға салып, отбасынан ажырасып жатқандар көбейіп барады

134

Жаңаөзендік тұрғын құмар ойынның құрбанына айналған туған інісінің келешегі үшін алаңдайды. Сорақысы, бауыры тіпті отбасын құмар ойындарына айырбастағанын айтады. Ақтаулық Асқар есімді тұрғын да сол ойынқұмарлардың қатарындамын дейді. Бар тапқан табысын балаларының аузынан жырып, осы ойынға салатынын өзі де жасырмайды. Тіпті букмекерлік кеңсеге күнде баруынан тәуелділіктің пайда болғаныны сезбей де қалғанын айтады. Күні-түні жары мен балаларын көрмейтін жағдайға жеткенде, тіпті отбасынан айырылып та қала жаздапты.

Асқар, тұрғын:

– Басында ұтыстармен үйге келіп жүрдім, кейін ұтыла бастадым. Әрқайсысына барып ойнап қарадым. Құмарланып ойнап кеттік. Қарайған ақшамды жібердім. Айлығымды жібердім. Соның арасында айқай-шу болды. Ақша үйге келмегеннен кейін. Үйде айқай жанжал болды.

Арнайы рейд кезінде тексерілген Жаңаөзендегі отыз букмерлік кеңсе жабылды. Соның бірі мына инбет. Ақша салып, экран бетіне телміріп тұрғандарды тәртіп сақшалары сыртқа шығарды. Әп-сәтте барлық ойын автоматтары мен өзге де  мүліктер тәркіленіп, залдың іші қаңырап қалды.

Ажырасу дерегі еселеп кетпес үшін мамандар бір айда 56 кеңсе қызметіне қатаң шектеу қойып, 39 қылмыстық іс қозғады. Заңсыз жұмыс жасайтын әлі 62 -сі есепте.

Жергілікті прокурорлар «Құмар ойынсыз Маңғыстау» атты жоба жасақтады. Соның аясында жыл аяғына дейін қалған 60-тан астам құмар ойын ордасына құрық салынбақ.

photo_63095

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз