Қайрат пен Жұлдыз тағы бір кеште жұп болып ән шырқаған екен. Алайда желідегі жұрттың Жұлдыздың дауысына көңілі толмапты.
“Мүлдем даусы жоқ қой”. “Актриса болып жүре бергені дұрыс еді”. “Сахнаның емес, тойдың әншілері ғой”. “Таза дарын болса таласымыз жоқ әрине, бірақ мынау…”, – деген екен желідегі сыншыл қауым.
Дегенмен жұлдызды жұпқа жақтасқандар да жетерлік.
“Бұларға сын айтатындар көре алмайды, өздері жетістікке жетпегесін, іштерін ит тырнап жатыр”. “Тамаша. Қайраттай еңбекқор әншілер аз” депті желідегі қауымның ендігі бір тобы.
https://kaz.365info.kz/osygan-dejin-tyndap-keldim-khajrat-nyrtas-anasyna-kharsy-shykhty-video-310686
Бұдан бұрын NUR.KZ -ке берген сұхбатында Жұлдыз көпшілік арасында өзіне жағымсыз пікірлерді жазатындар жеткілікті екенін айтқан. Әсіресе Қайратпен қосыла ән шырқаған Әбдікәрімованы сынағандардың санында шек жоқ.
«Енді арасында сынап та жатқандары бар. Ол да дұрыс шығар. Мен ол кісілерге ерсі көрінетін шығармын. Әнші болып кетті деп ойлап жатқан болар. Бірақ мен әнші емеспін.
Әнші болуды мен мақсат тұтқан жоқпын. Бұл тек қана Қайраттың жеке кешінде өнер көрсету. Дегенмен де әу демейтін қазақ жоқ қой. Мен актер мамандығын бітіргенмін. Кез-келген адам ән айтады деп ойлаймын», — дейді актриса.
https://kaz.365info.kz/tagy-on-zhylga-zhokh-bop-ketsem-khajrat-nyrtastyn-zharyn-kim-renzhitti-foto-294130
Желіде Жұлдыздың өнеріне ғана емес, жеке өміріне де тіл тигізетіндердің қарасы көп. Ғаламтор қолданушылары: «Қайраттың танымалдылығы үшін тұрмысқа шықты» — деп кінәлайтын көрінеді. Ал көңіліне қаяу салған сынға Жұлдыздың жауабы дайын.
«Көбісі «Қайрат танымал болғаннан соң күйеуге шыққан шығарсың» — деп айтып жатады. Жалпы біз Қайрекең екеуміз 2007-ші жылы шаңырақ көтердік. Бірақ 2004-тен бері біз таныс болдық. Кездесіп жүрдік. Біз Қайрат екеуміз бірнеше жылдар бойы бір-бірімізді танимыз. Яғни біргеміз», — дейді Қайраттың жұбайы.
Әбдікәрімова алғашқыда әр сынға уайымдап, тамағынан ас өтпеген сәттері де жиі болыпты. Қазір кереғар пікір жазғандарға Жұлдыздың еті үйренген.
https://kaz.365info.kz/ol-menin-anim-khajrat-nyrtas-basy-balege-khaldy-302917
«Халықпен араласып тұрамын. Бірақ ішінде қатты кететіндері де болады. Басында мен жауап беретінмін. Алғашқыда ағыл-тегіл болып, «Ойбай, мен солай істеп қойыппын» — деп уайымдайтынмын. Бірақ қазір оған көңіл аудармайтынмын. Себебі олар өте көп. Әрбіріне көңіл аударсам, мен бала-шағамды ұмытып кететіндей жайтта боламын. Сондықтан әлеуметтік желілерде жазылатын жағымсыз ой-пікірлерге көп мән бере бермеймін. Айтатынымды, жазатынымды өзім жазамын», — дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.