Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Мәжіліс 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

«Бүгін қабылданған үш жылдық бюджет жобасы Президенттің барлық тапсырмаларын орындауға жәрдемдеседі. Тура бір ай бұрын Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет алдына жаңа міндеттер қойып, негізгі басымдылықтарды анықтап, жақын арада бірнеше бағдарлама дайындауды тапсырды. Оның ішінде ШОБ-қа өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тарту бойынша арнайы бағдарлама – ол 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ні жаңғыртудың жаңа бағдарламасы, «Нұрлы жер» бағдарламасы. Біз аталмыш бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша негізгі әдістерді дайындап қойдық», – деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.

Республикалық бюджет кiрiстерiне келсек, 2017 жылы 138,1 млрд теңгеге немесе 3,3 пайызға артып, 4 338,2 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткiш 2018 жылы 4 562,3 млрд, 2019 жылы 4 877,2 млрд теңге болады. Республикалық бюджет шығыстары 2017 жылы 8 564,4 млрд теңге немесе жалпы iшкi өнiмнің 17,7 пайызы. 2018 жылы 8 370,6 млрд теңге немесе жалпы iшкi өнiмнің 16,2 пайызы, 2019 жылы 8 751,2 млрд теңге немесе жалпы iшкi өнiмнің 15,8 пайызы.

Республикалық бюджет жобасында әлеуметтiк салаға арналған жалпы шығыстар 11 662,3 млрд теңгенi, оның iшiнде 2017 жылы 3 567,3 млрд теңгенi құрайды. 2017 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемiне қарағанда әлеуметтiк блок 41,7 пайызды құрайды.  Яғни бюджет жобасы барлық әлеуметтiк мiндеттемелердi, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтiк қолдау бойынша бiрқатар жаңа шараны орындауды қамтамасыз етедi. 2018 жылы 42,8 млрд теңге, 2019 жылы жыл сайын 1,4 млн адамды қамтып, 45 млрд теңге шығыстарымен жаңа форматта атаулы әлеуметтiк көмек енгiзу.

Әлеуметтiк осал топтарға берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерi 15,6 пайызға көтерiледі, осы мақсаттарға қосымша қажеттiлiк 2018 жылы 29,3 млрд теңгенi, 2019 жылы 31,3 млрд теңгенi құрайды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт үш жылға 2 880,0 млрд. теңге немесе қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес оны қалыптастыру және пайдалану 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде айқындалды. Ұлттық қордан нысаналы трансферт 2017 жылы 441,6 млрд. теңгені (1,2 млрд АҚШ долларын) құрайды, ол 720 млрд. теңге (2 млрд. АҚШ доллары) сомада Ұлттық қорды басқару кеңесі бұрын мақұлдаған көлемінен 278,4 млрд. теңгеге азайтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз