Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Мәсімов Президенттің маңайын жемқорлардан тазартуда – Айсұлтан Назарбаев

122

Мен бүгін Президенттің немересі емес, ҚР азаматы ретінде өз ойымды айтпақпын.

Президенттің командасындағы кейбіреулер өз міндетін атқара алмай келеді: ол адамдар ел мүддесінен тым алыс, қара басының қамын ғана ойлайды.

Кәрім Мәсімов қазір Президенттің маңайын жемқорлар мен “жабысқақ” жылпостардан тазартып жатыр.

Мұндағы мақсат таза болуы керек – ұрыларды ұстап, заң бойынша жазалау керек. Ары таза мемлекеттік қызметкерлер ештеңеден қоырқпауы керек. Ұрының арты қуыс, қорқатындар да солар.

Ұлттық банктегі Ақышев пен президент аппаратының жетекшісі Жақсыбеков өз орнын сақтап қала ма екен? Иә, олардың тікелей қарамағындағы адамдар жемқорлық пен мемлекеттік қылмыстары үшін ұсталды. Мен бұл кісілерді жақсы білемін, бастығына білдірмей бірдеңе істеді дегенге сенбеймін

Өтемұратов пен Тасмағамбетовтың қандай былықтары бар екенін тексеру көрсетеді. Бірақ дәл қазір көшедегі кез-келген адамнан сұрасаңыз – жұрттың бәрі «бұлар халықты тонаған жемқорлар» дейді.

Не дейміз енді? «Ағашкалардың» күні тақалды. Қазақстан біздің көз алдымызда өзгеруде.

Мәсімов елдегі бар былықты тәртіпке келтіре алады деп сенемінқазір ел үшін оның рөлі тым маңызды.

Жылдар өткеннен кейін менің қызым да фейсбуктегі осы жазбамды оқып көрер. Сол кезде қазіргі жемқорлыққа батқан Қазақстан туралы мен бір болымсыз ертегі айтқандай әңгімелермін. «Баяғыда Қазақстанда халықты бақытты еткісі келмейтін қара күштер басқарған. Бірақ сосын бәрі өзгерді ғой», деп айтқым келеді“, – делінеді Айсұлтанның жазбасында.

Фото: Айсұлтан Назарбаев/Facebook

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз