Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мұрныңды бұзамын”. Араққа тойған аты дардай мекеме басшыларының төбелесі видеоға түсіп қалды

Видео кадрларынан екеуінің ерегескені және басқа адамдардың оларды ажыратып жатқанын байқауға болады. “Бұл жанжал жаңажылдық отырыстың алдында болған, – деді куәгерлер.

Куәгерлердің айтуынша, компанияның топ-менеджерлері “ҚазАгроҚаржы” АҚ орталық аппаратының кеңсесінде (бесінші қабатта, топ-менеджмент бөлмесінде) спирттік ішімдік ішіп отырған. Бұл Тәуелсіздік күні қарсаңында болған. Ішімдікке сылқия тойып алған қайта оңалту департаментінің директоры Ербол Тәшенов басқарма басшысының орынбасары Қанат Тұрсынқұловты ұрған. Осы кезде төбелес басталған. Төбелес барлық қызметкерлердің көзінше болған және қызметкерлер жанжалдасқан екеуді ажыратқан.

“ҚазАгроҚаржы” АҚ өкілдері бұл жағдайды кішігірім келіспеушілік деп бағалап, оны бір үлкен дау немесе жанжал деуге болмайтынын айтты.

“Бұл жәй кішігірім келіспеушілік қана, қызметтік бабына еш қатысы жоқ. Сонымен қатар, бұл оқиға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін (21.00-де) болған. Медициналық көмекке жүгінудің немесе құқық қорғау органдарына хабарласудың еш қажеті болмаған. Қазіргі уақытта екеуінің арасында ешқандай араздық жоқ”, – делінген ресми сауалға келген жауапта.

“ҚазАгроҚаржы” АҚ Әдеп кодексі бойынша екеуіне де тәртіптік шаралар қолданылатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз