Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұрат Әбенов: «Қазақ тіліндегі насихаттың аздығынан ақпараттық саясатта ұтылып жатырмыз»

Қазіргі кезде қоғам өзгергенін және демографиялық өзгерістер бар екеніне тоқталған ол, осы ретте қазақ тілінде ақпарат алатындар саны қарқынды түрде көбейгенін атап өтті. Алайда, мемлекеттік органдар тарапынан ақпаратты қазақ тілінде тарату жүйесі қаралмаған. Әбеновтің пайымынша, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстардың халыққа тиісті деңгейде жеткізілмеуі мәселесін тудырып отыр.

«Атап айтқанда, көбінесе мамандар немесе сарапшылар орыс тілінде сөйлейді. Бұл тұрғыда арнайы дайындық жұмыстарын жүргізбесе болмайды. Қазір ведомстволар бір тілде, ал халық көп жағдайда мемлекеттік тілде сөйлейді. Сондықтан да екеуін жақындату мәселесін қарастырсақ, орынды болар еді, мүмкін тиісті тапсырмаларды жүктеу керек шығар немесе мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерін оқыту шараларын ескерген жөн болар.

Сонымен қатар бұл бағытта арнайы адамдарды даярлау мәселесін де қамтыған дұрыс болар. Жасалып жатқан жұмыстар көп, бірақ халыққа түсіндіретін адам аз. Көп жағдайда іске асырылған шараларды жеткілікті айта алмаймыз немесе аударма тілде қате жеткіземіз. Ақпараттық саясатта ұтылып жатқан тұсымыз ол азаматтарға дұрыс түсіндіре алмауға байланысты болып отыр»,-деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз