Маңғыстауда төтенше жағдай. «Қаражамбас» кен орнындағы ұңғымада болған апаттан ауаға көп мөлшерде улы газ тараған.
Бұл туралы КТК хабарлады.
Таңға жуық жұмысшылар насосты қалпына келтіру кезінде кенеттен ұңғымадан газ атқылаған. Оның биіктігі 10 метірлік су бұрқақтан кем түспеді. Компания қызметкерлері болған апатты өздері қалпына келтірген. Алайда жеті сағат тер төгулеріне тура келіпті.
Құдай сақтағанда адамдар жапа шеккен жоқ. Дегенмен қоршаған ортаға зиян келгені айтпаса да түсінікті.
Қазір оқиға болған жердің топырағына дейін ауыстырылып жатыр. Ал, келтірілген шығын көлемі әлі белгісіз. Экологтар да осында жүр. Олар ластанған аумақты өлшеп, ауаға қанша газ бөлінгенін есептеуде.