Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
6
USD
427
+0.13
EUR
497
+0.15
RUB
5.5
-0.03

Мұнай ұрлап, байыған деп ұсталған Ізбасаров Алматыдан Ақтөбеге жеткізілді

Телеарнаның дерегіне сәйкес, Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізілген арнайы операциядан кейін мұнай ұрлауға қатысы бар бірқатар тұлғалар ұсталған екен. Ұсталғандар қатарында болжам бойынша, көп жылдардан бері сал болып қалған спорт меценаты, еліміздегі “Төрт ағайынды” деген лақап атпен танымал қылмыстық топтың серкесі 50 жастағы Еркін Ізбасаров та бар.

Арнайы қызмет Ізбасаровты Ақтөбе облысындағы мұнай ұрлауды ұйымдастырушылардың бірі деп санайды.

“Іс материалдарына сәйкес, ол мұнайды ұрлау және оны өткізудің астыртын жолдарын әзірлеп, осылайша көлденең табыстан байып келген. Оған аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттер көмектескен. Салафи ағымын ұстанған сыбайластарының бірі бүгін ұсталды”, — деп хабарлайды КТК.

Бұдан бөлек жат ағым — салафизмді ұстанатын тағы бірнеше адам ұсталды. Олар қылмыс әлемінің басшыларына мұнай өткізу ісінде қол ұшын беріп отырған деп санайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 7 желтоқсан күні Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы және ІІМ-мен бірігіп Ақтөбе облысы және елдің басқа да аймақтарында мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз тасымалдаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтау бойынша арнайы операция өткізген. Ұсталғандар арасында радикалды салафизмді ұстанатындар бар.

Еске сала кетелік, „Төрт ағайынды„ қылмыстық тобының серкесінің бірі болып табылатын Еркін Ізбасаров қашқындағы саясаткер Бергей Рысқалиевтің туысы болып келеді екен.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз