Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Мөлдір Әуелбекова: Босанар кезде қасымда серігімнің болғанын қалаймын (фото)

234

– Ең әуелі Аллаға шүкір еттім! Осындай бақыт сыйлаған Жаратушыма рақмет айтып, көзім жасаурап, қуанышымда шек болмады. Жарыма xабарлауға асық болдым. Бірден көп күттірмей отағасымен бөлістім. Әрине бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын…

auelbekova_14

Аяғыңыздың ауыр екенін жасыру қиынға түсті ма? Өйткені, сіз ресми түрде жүктілігіңізді жарияламадыңыз. 

– Мен бұл қуанышты жәйтті асыра жасырғаным жоқ және де расында ашық жария да етпедім. Жеке өмірім, жеке кеңістігім. Сол себепті, бұл жағдайды еркіндікке жібердім. Естіген адам құттықтап жатыр, естімеген адам әлеуметтік желіде суреттерімнен біліп отыр.

Үйреншікті өміріңізде қандай да бір өзгерістер орын алды ма? Және де жарыңыз қолдау көрсетіп жүр ме?

– Өзгеріс әрине аз емес. Көбіне денсаулыққа, бос уақытты тиімді өткізуге, ас мәзіріне көбірек мән беретін болдым. Дегенмен, жұмысым тоқтамады. Осы соңғы айда ғана демалыс жариялап жұмыстан уақытша бас тартып отырмын. Барлығы сол әр әйел адамының басынан өткеніндей. Оңай емес, дегенмен ең алдымен жүктілік ауру емес, керісінше бақыт екенін түсінген адам осы кезеңді жеңіл өткізетіндей.

Сондай-ақ, бұл кезеңдерімде жолдасым қатты қолдау көрсетіп жүр. Көп еркелігімді көтеріп жүрген, Құдай қосқан қосағым жанымда. Осы көріністегі әр күнімізге бірге қуанамыз.

Мөлдір, жүктілік кезінде әйел адамы тез толысады. Мұнымен сіз қалай күресудесіз?

– Ең көп қойылатын сұрақ менің дене бітіміме байланысты. Бір салмақты ұстап тұру маған қиынға соқпайды, оған себеп табиғи арықтық. Яғни генетикалық тұрғыда отбасымызбен толықсудан алыстаумыз. Оған қоса суды өте көп мөлшерде пайдаланамыз және ас мәзірінде көбіне сұйық тамақтар мен салаттар. Тәтті тағамға да аса қатты тәбетім жоқ

Аяғы ауыр әйелдердің тағамды талғап жейтіні және дәм сезу қабілеті жоғарылайтыны анық. Сізде қалай өтуде?

– Иә, өзгелерден қалыс қалмадым. Ондай қызықтар менде де болды. Қараөрікке жерік болдым. Күндердің күнінде темірдің иісін іздеген кездерім де болды.

Босану кезінде серіктестің болуына қалай қарайсыз?

– Серіктес, алғашқы босанған адамның қасында болған дұрыс деп ойлаймын. Білмегеніңді айтып, қолдаушы болған артық етпес. Моральдық тұрғыдан үлкен көмек болары xақ.⁠⁠⁠⁠

ce94645cd32f0e21b8298fd9263

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз