Италияның Рим қаласында өтіп жатқан Internazionali BNL d´Italia турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 87-інші ракеткасы Михаил Кукушкин хорватиялық Борна Чоричпен күш сынасты.
Аса тартысты өткен матчтың бірінші партиясында М.Кукушкин тай-брейкте 7:6 есебімен ұтты. Екінші сетте Б.Чорич 7:5 есебімен есе қайырды. Шешуші, үшінші партияда М.Кукушкин өзінің шеберлігін көрсете білді. Есеп 5:3 болып тұрған сәтте матчболды пайдалана алмаған қазақстандық теннисші қарсыласы доп берген кезде жақсы ойнай алды. Сөйтіп қайта брейк жасап, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Рим турнирінің екінші айналымында М.Кукушкин әлемнің маңдайалды теннисшілерінің бірі, осы жарыстың 2-інші ракеткасы, атақты Энди Марреймен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, жүлде қоры 4,3 млн еуродан асатын Рим турниріне Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарынан сәтті өтіп, негізгі жарысқа жолдама алған болатын.