Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұхтар Шахановтың туған әпкесі «Қарттар үйінде» тұрады…

123

– Ізет апаның қолын алып, амандасып шығайық – деп қолқа салса, бәрі құп көріпті. Ізет апа үлкен ұлы Аманбайдың үйінде жүр екен.

Қонақтар үйге кіріп, амандасып, шәй ішіп, әңгіме-дүкен құрып отырғанда қонақтың бірі:

– Апа, кімнің үйінде тұрасыз? – деп тосыннан сұрақ қояды.

– Қарттар үйінде тұрамын – дейді қу тілді апа. Қонақтар аңырап, түсінбей үн-түнсіз қалады.

– Үлкен ұлым жетпістен асты, келінім жетпіске келді. Екеуі де шал мен кемпір, таяқ сүйеніп жүреді. Мен де таяқ сүйеніп оларға қосылғанда, қарттар үйі болмағанда несі қалды? ! – деп бір күлдірген екен.

***

Менің жасымды бермесін. . .

Ізет апа қалампыр деген қызының үйінде отырса, ауылдың қатын-қалаштары жиылып қалады.

Ас ішіп тарқар кезінде:

– Апа, бізге сіздің жасыңызды берсін! Cіздің жасыңызға жету біз үшін арман, бақыт ғой – дейді бәрі бірауыздан шулап.

– Менің жасыма жетсең жетісерсің – деп апа дүңк еткізеді. Шулап тұрғандар жым болады.

Бәріне бағдарлап, бір қарап алады да:

– Менің жасымды бермей-ақ қойсын. Тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын. Төрт аяқтап жүргеннің несі жақсы? – депті ашы Мысқылмен.

***

Оттай береді. . .

Бір жиында қонақ болып келген Ізет апаға:

– Әже, жүзге келіңіз, шөпшек көріңіз, бақытты болыңыз – деп үй иесі алғысын білдіріп жатады.

Сонда Ізет апа: – Мұндай тілегіңе маған қарайтын келіннің не айтқысы келетінін естігің келе ме?

– Иә, депті үй иесі.

– Ессіз қалғыр, өздері бақпайтын болғасын оттай береді екен-ау дейді ол – Деп жеңіл жымиыпты апамыз.

***

Кімге бердің. . .

Ізет апа немере келінін түсіріп, той өтеді. Екі жақ бір-біріне қалың малын тапсырып, китін бөлісіп, кәкір-шүкір тауарларын алмасып, қыздың төркінінен келгендер қоштасып жатады.

Ізет апаға қыздың шешесі:

– Ал, құдағи, деніңіз сау болып, жастардың алдында қарайып жүре беріңіз. Қызымды тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай мәпелеп, қағып, бағып өсірдім. Қызымды қызыңыздай көріңіз, сізге тапсырдым – депті.

– Құдағи, қызыңды маған несіне тапсырасың? Жасым сексен алтыда – депті апа. Сасып қалған құдағиды қызарып кетеді.

– Қызыңды кімге бердің, соған тапсыр – деп жұртты бір күлдіріпті.

Ел аузынан жинаған: Тоғайбай Нұрмұрат ұлы

«Егемен Қазақстан» газеті 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз