Кеше Кентукки штатының Луисвилл қаласында аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлимен қоштасу рәсімі өтті. Әйгілі боксшы мұсылман ғұрпымен жерленді. Қаралы жиынға 14 мыңға жуық адам қатысты. Отбасы мүшелері Мұхаммед Әлиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі жоспарын өзі алдын ала белгілеп кеткенін айтады, деп хабарлайды БиБиСи.
Боксшымен қоштасу рәсімі Мұхамед Әлидің 1960 жылы алғашқы жекпе-жегін өткізген «Фридом-холл» спорт аренасында өтті.
Имам Заид Шакир Мұхаммед Әли мұсылман ғұрпымен жерлеу рәсімінің баршаға „уағыздау оқиғасы„ сипатында танылғанын қалады, дейді.
Былғары қолғап шеберін ақтық сапарға шығарып салуға туысқандары мен дос-жарандары, жақындары жиналған. Олардың арасында бұрынғы америкалық боксшы Шугар Рэй Леонард та бар.
Қоштасу рәсімі 20 минутқа созылды. Қаралы жиын Луисвиллде бүгін, боксшыны жер қойнына тапсыру кезінде де жалғасады. Спортшыны жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон, Иордания королі Абдалла II, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған, актер Уилл Смит және боксшы Леннокс Льюис қатысады.