Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мұхамедиұлына пара сұрағаны үшін тағылған айып тексерілуде

“Этикалық кодекстің бұзылуы жөнінде немесе қылмыс жасалғаны туралы айтылған кез келген сөзді арыз ретінде түсіну керек. Және бұл арыздың тексерілгені жөн. Мемлекеттік қызметкер – мейлі ол инспектор, мейлі ол министр болса да, өзінің жазықсыз екендігін дәлелдеуі тиіс”, — деді Қожамжаров тілшілерге. Бір қыздың айтуынша, бес жыл бұрын Мұхамедиұлы оқуға қабылдау үшін пара сұраған екен. “Соған қатысты тексеру жүргізіп жатырмыз”, — деді Қожамжаров.

Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптаулар жөнінде: соттасқым келмейді, бірақ амал жоқ Бұдан бұрын, 9 қазанда Youtube желісінде өзін Т.Г. Жүргенов атындағы өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықовамын деп таныстырып, Арыстанбек Мұхамедиұлын алымсақтық жасады деп айыптаған қыздың бейнеүндеуі пайда болды. Ғаламторда тарап кеткен бейнеүндеуде Сыдықова ҚазҰӨА 2011-2015 жылдары “музыкалды театр актрисасы” мамандығы бойынша оқығандығын айтты. Ол ЖОО түсуге шешім қабылдағанымен, қабылдау емтиханына кешігіп қалған екен.

Оның айтуынша, Мұхамедиұлы мәселені 3000 доллармен шешуді ұсынған көрінеді, содан соң қыздың қайда тұратынын, кіммен тұратынын сұрай бастапты.  Арыстанбек Мұхамедиұлы Еңлік Сыдықованы сотқа берді. Егер қыз кешірім сұраса, министр арызын қайтарып алады.

818006

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз