Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мүгедектер қауымдастығы аң-таң. Қылмыс әлемінің серкесі деген адамда ақша болмаған

47 жастағы Бауыржан Батыров пен 41 жастағы Нұрлан Қаскеновке ұрланған қара алтынды тасымалдағаны үшін айып тағылып отыр.

Айбек Шоқпаров, мемлекеттік айыптаушы:

– Қылмыстық топ болып аса ірі мөлшерде мұнай және мұнай өнімдерін шығару заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалы үшін айыпталып отыр. Құрметті сот, Қаскенов пен Батыров қасақана ауыр салмақтағы меншікке, қоғамдық тәртіпке қарсы құқық бұзушылық жасаған.

Бұлардан өзге қылмыстық топтың жетекшісі деп айыпталған Еркін Ізбасаровты қамауға прокурорлар соттан санкция сұрамақшы. Оған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері «Төрт ағайынды» деген лақап атпен танымал топтың серкесінің үйін тінтіпті. Күдіктінің Заречный елді-мекеніндегі шаңырағынан не алып шыққандары, әзірге белгісіз.

Еркін Ізбасаровпен бірге мұнай ұрлығына қатысты 15 адамның ұсталғаны белгілі болып отыр. Арнайы операцияның жалғасып жатқанын ескерсек бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Дегенмен, басты күдіктіге қатысты жұрттың пікірі екіге жарылған. Бірі оның бұрынан қылмыс әлемінде аты шыққанын алға тарса, өзгелері жақсы пікірде.

Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі осыдан 4 жыл бұрын Ақтөбедегі сал ауруына шалдыққандарды қолдау орталығына тіркелген екен. Мұндағы әріптестері оның атышулы қылмысқа қатысы барына таң қалып отыр. Өйткені, түріне қарап қалталы азамат деп мүлдем ойламаған. Соңғы күндері мүгедектер үшін тігін цехын ашуға ақша іздеп жүріпті.

Гүлмира Сражова, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры:

– Біз тосын жайтты естідік. Себебі бұған дейін осындай пікір болған жоқ, бізде. Әрине ренжуліміз. Өйткені, мүгедек адамның осындай шиеленісті оқиғаға тап болып жатқаны ренжітеді.

Айта кетелік, 2 күн бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізген арнайы операция барысында әсіре діншілдер мен бірнеше қылмыс әлемінің серкелері ұсталған болатын. Олар қылмыстық топ құрып, мұнай ұрлады және одан түскен қаржымен лаңкестерді қаржыландырды деп айыпталуда. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы аумағындағы ірілі-ұсақты мұнай өңдеу зауыттары түгел дерлік тексеріліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз