Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мәдениет министрі өзін «төсекке сүйреді» деп айыптаған студентімен сотта кездесетін болды

Мұхамедиұлының жақын күндері соттан қолы босамайтын сияқты. Өйткені, министр қатарынан екі бірдей процеске қатысуға мәжбүр болады. Бұған дейін ол өзін «ақша бопсалады» деп айыптаған кинорежиссермен сотта кездесіп жүрген болса, енді оған бұрынғы студенті қосылды. Мәдениет министрінің қос бірдей ісімен бір адвокат айналысады.

Шенеуніктен кезекті тапсырма алған заңгер сотқа түсіретін шағымын да әзірлеп қойыпты. Министрді қорғаудан мол тәжірибе жинақтаған Ескендір Әлімбаев қазір жалғыз лингвистикалық сараптама нәтижесін күтіп отыр екен.

24 жастағы театр актрисасы Еңлік Сыдықова күні-кеше ғана «Мұхамедиұлы мені ректор кезінде көңілдес болуға үгіттеді» деп күллі елге жария салған болатын. Сөйтсе, министр мырза оқуға түсу емтиханынан кешігіп қалған бойжеткенге төсек қатынасын ұсыныпты.  

Ескендір Әлімбаев, А.Мұхамедиұлының адвокаты:

– Филолог мамандар қазір видеоны көріп, оған өз сараптасын береді. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылдаймыз. 

bezymyannyj

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз