Әлемнің ең үздік футболшыларының бірі Лионель Месси 29-ға толды.
Қазіргі таңда Америка кубогінде өнер көрсетіп жүрген Месси әріптестерінен құттықтаулар қабылдауда. Айта кетелік, аталған бәсекеде Месси капитаны болып табылатын Аргентина құрамасы финалға шықты.
Месси туралы аз-кем айтатын болсақ, Лионель Барселонаның футбол академиясында 17 жасынан бастап доп тепкен. Содан бері каталондық команданың құрамында жасындай жарқырап жүр.
Осы уақыттың аралығында Месси Чемпиондар лигасының төрт дүркін, Испания чемпионатының сегіз дүркін чемпионы атанды. Ол сонымен қатар әлемнің ең үздік ойыншысына тапсырылатын “Алтын допты” 5 мәрте иеленген аяқдоп тарихындағы бірден-бір футболшы.