Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Лимон мен зімбірдің қымбаттауы бер жағы, алда азық-түлік бағасы көтеріледі — сарапшы

355
Fresh lemon with ginger

Дүрлікпе сұраныс

Коронавирусқа қарсы күресте зімбірдің ғажайып күшіне сенген халық арасындағы сұранысқа жауап ретінде жеткізушілер өнімнің бағасын шарықтатып жіберді. Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстанда Жаңа жылдың алдында дәл осылай қиярдың бағасы да күрт көтеріліп кеткен еді.

Ресейде де зімбір мен лимонның бағасы қымбаттады. Фискалдық деректер операторының (ФДО) талдаушыларының мәліметтері бойынша,  көктемнің бастапқы кезеңімен салыстырғанда 31 наурызда  Ресейдегі зімбір тамырының орташа бағасы шамамен үш есеге өскен — 1 кг үшін 340,25-тен 1 мың 525,72 рубльге дейін жеткен. Ресей мен Қазақстанда

бұл екі өнім әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізімен қосылмаған,

сондықтан олардың бағасы мемлекет тарапынан қадағаланбайды.

Алыпсатарларға қалай ықпал етуге болады?

Қанат Қошман

Қазақстан жылыжайлары қауымдастығының президенті  Қанат Қошман атап өткендей, әдетте ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері ірі дилерлермен өнімді белгілі бір бағада жеткізу туралы жылдық келісім жасасады. Яғни жыл бойы бір баға сақталады. Бірақ делдалдар жағдайды пайдаланып, бағаны көтереді.

— Осындай қиын уақытта әркім ақша тауып қалғысы келеді. Менің ойымна

бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігінің деңгейінде қарау керек, келіссөз жүргізіп, барлығын талқылаған жөн

Алыпсатарларды айналып өте алмаймыз. Бірақ өзімізде өсетін қызанақ, қияр және салат жапырақтары сияқты көкөніс өнімдері туралы айтатын болсақ, сәуір айының ортасынан бастап базарда жергілікті, еліміздің оңтүстік өңірлерінен, парникті шаруашылықтар өсірген көкөніс өнімдері пайда болатынын атап өткім келеді. Бұл топтағы тауарлардың бағасы арзандайды, — дейді ол.

Қиындықтар мен мәжбүрлі шаралар

Оның айтуынша, ТЖ режимінің кесірінен қазақстандық көкөніс өсірушілері қиындықтарға тап болды, олар ендігі жерде Ресейге өздерінің өнімдерін шығара алмайды.

— Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкерлердің көкөністері шекарадан өте алмай қалды

Карантиндік қызмет белгілі бір құжаттарды талап етіп, ел аумағына кіргізбеуде. Олар бұның бәрі уақытша шара деп, өз-өздерін жұбатуда, — дейді Қошман.

Ол

жақын арада ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлер көкөністердің бағасын қымбаттатуға мәжбүр болады,—

деп ескертті.

Барлығына деваливация кінәлі. Қолданылатын тыңайтқыштар мен жылыжайларға қажетті шиказттың бәрі доллар мен еуроға сатып алынады. Сондықтан өнімдердің бағасы қымбаттайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз