Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Әлемнің саяси астаналары Астана процесіне түсіністікпен қарауда – Қарин

Сарапшының пайымынша, Қазақстан елордасында кездесудің (Астана процесінің) өтуі келіссөздерге қатыспайтын елдер тарабынан теріс реакция тудырмайды. Астанада бас қосатын тараптар өзгенің есебінен уағдаласпақ емес. Олар өздеріне қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқыға салатын болады.

«Екіншіден, әңгіме кең ауқымды сирияаралық келіссөздер жайында болып отырған жоқ. Бұл орайда, сарапшы ретінде айтар болсам, әңгіме ымыраға келу жайында болмақ. Осы орайда, бұл процес бүкіл сириялық дағдарысты шешеді деуге болмайды. Бірақ, бұл алда болуы мүмкін кездесудің маңызын төмендетпейді. Тіпті, кейбір мәселелерге қатысты, кейбір территория бөлігіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізілгеннің өзі алға ілгерілеушілік болмақ», – деді Ерлан Қарин.

Институт басшысы мұндай бейіндегі бейбіт келіссөздердің барынша күрделі әрі қатпарлы процесс екендігін және ұстанымдарды келісу бір мезетте бірнеше деңгейде, сонымен қатар бірнеше форматта жүргізілетіндігін баса айтты. Сол себепті оның қандай да бір нәтижесін болжау мүмкін еместігін ескертті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз