Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әлем чемпионатына шығара алмаса, футболшыларымыз неге айына 70 мың доллар алады?

168

474875_378893408815619_1923087799_o

Нұрғазы Сасаев

Спорт журналисі Нұрғазы Сасаевтың айтуынша, футболшыларымыз «E» тобында 4-ші орын алса, бұл үлкен жетістік болар еді. Өйткені, ол ұлттық құрама ойыншылары Черногория мен Армения құрамаларымен 4-5 орындарға таласатынын тілге тиек етіп отыр. Оның ойынша, Румыния, Дания және Польша футболшыларынан асып түсуіміз екіталай. Алайда ол бас бапкер Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамаға қазақ футболшыларын тартқанын жоғары бағалап отыр. Себебі, шетелдік бапкерлер бұған дейін жергілікті футболшыларға қырын қарап келген болатын.

Ұлттық құрама тізгінін өз бапкерімізге ұстатып едік, негізгі құрамдағы қазақ футболшыларының саны артты. Өйткені, деңгейі бірдей екі футболшы болса, өз жаттықтырушыларымыз жергілікті футболшыны таңдайды. Ал шетелдік мамандар, керісінше, сырттан келгендерге иек артатын еді. Оларға шетелден келген ойыншының бойы, дене бітімі, шеберлігінің сәл басымдау болуы ұнауы мүмкін. Ал өз мамандарымыз қазақ футболшыларының ұлттық құрама жейдесін кигенде, шыбын жанын шүбереке түйіп, аянбай ойнайтындығын біледі. Жанкештіліктері мен қайсарлықтарын жоғары бағалайды, – дейді Нұрғазы Сасаев.

Ал журналист Әзиз Жұмаділдің айтуынша, жасыл алаңға қазақ футболшыларының көптеп шығуына бас бапкердің ешқандай қатысы жоқ: соңғы жылдары қазақ футболшыларының шеберлігі шынында да артып келе жатыр дейді.

13501948_601312670042464_7260137755980162096_n

Әзиз Жұмаділ

Бас бапкер Талғат Байсуфинов бапкерлікке келе салып қазақтарды құрамаға тартып жатқан жоқ. Жалпы, соңғы жылдары қазақ футболшыларының деңгейі өсіп келе жатыр. Мәселен біз Серікжан Мұжықов, Бауыржан Исламхан, Мақсат Байжанов сынды футболшыларымыздың шыға бастағанына қуанымыз керек. Ал Польшамен өткен ойында қазақтардың жасыл алаңда көп шығуына бас бапкердің ешқандай қатысы жоқ. Бұрынғы бапкерлер де егер қазақ футболшылары жақсы ойнап жатса, оны міндетті түрде құрамаға шақыратын, – дейді Әзиз Жұмаділ.

Әзиз Жұмаділдің айтуынша, «Е» тобындағы басты фоварит поляктар, екінші орынға Румыния мен Дания таласуы мүмкін.

Топтағы командалардың шама-шарқы бір бірімен шамалас. Асып-тасып бара жатқан ешкім жоқ. Егер жақсы ойнасақ, өз алаңымызда бәрінен ұпай алып қалуға болады. Бұл топта тең есептер көп болады. Ал Арменияны өз алаңымызда ұтып, сырт алаңда тең түсуіміз мүмкін. Менің ойымша ұлттық құрама жігіттері «Е» тобында бесінші орын алады. Өкінішке қарай,

футболшыларымыздың Ресейде өтетін әлем чемпионатына баруына әлі ерте.

Бұл біздің өз футболшыларымызды кемсітіп жатқанымыз емес. Қазіргі біздің шынайы жағдайымыз осы, – дейді Әзиз Жұмаділ.

Күні кеше Астана футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов

қазақстандық футболшылардың 70 мың АҚШ доллары көлемінде айлық алатынын айтты.

Бұл үздік футболшыларға берілетін жалақы. Ал жасыл алаңда ілініп-салынып жүрген футболшыларға 20 мың АҚШ доллары көлемінде айлық тағайындалған көрінеді. Міне осындай жағдай жасалған футболшыларымыздың Ресейде өтетін әлем чемпионатына бара алмауы өкінішті.

ba61653e7ec03bb3a771b0c2f3a

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз