Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Латын қарпіне көшкенде ЦОН-дағы мәліметтер жоғалмайды – министр

Сенаторлардың қазақ тіліндегі базаны латын тіліне өзгерткенде құжаттардың жоғалып кету қаупі жайлы сұрағына министр барлық құжаттың, оның ішінде электрондық құжаттардағы мәліметтердің толықтай сақталатынын айтты.

“Автоматтандыру мен цифрландыруға қатысты мәселелердің барлығы іс-қағаздарды жүргізу мен жалпы процесті жеңілдетеді. Біз электрондық форматтағы құжаттарды латын тіліне өзгерткенде белгілі бір алгоритмді қолдансақ, яғни, бізге тек бір бағдарламаны қолдану керек”, – деп түсіндірді депутаттарға Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында жыл соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынған болатын.

“Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес”, – деген еді Мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз