Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Латын әліпбиіне көшу орыстілділердің көші-қонын жеделдетеді – саясаттанушы

122

Бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек”, — деп жазады Назарбаев мақалада.

Латын әліпбиіне көшу – Қазақстанның Ресей мен Батысқа ескертуі

Бұдан бұрын, бұл идеяны мемлекет басшысы 2012 жылы “Қазақстан-2050” Стратегиясында жария еткен болатын.

“Әліпбидің өзгеруі біздің көпвекторлы саясатымыздың динамикасы мен сипатына әсерін тигізбейді. Елдерді әліпби емес, ортақ мүдделер жақындастырады. Бірақ президент мақаласының Мәскеу мен Батысқа ескерту екенін де жоққа шығаруға болмайды.

Ресей үшін — бұл ортақ экономикалық мүдделерге қатысты мәселелерде жұмсақтау болуына тұспал. Ал Батыс үшін — Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарының нашарлауы аясында дербес ұстаным мен ниеттестікті көрсету

“, — деді Сұлтанбеков Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Назарбаевтың мақаласы “әдетте асықпайтын шенеуніктер үшін тепкі” болуы мүмкін

“Латын әліпбиіне көшудің шарасыз нәтижесі орыстілді халықтың жол жүру алдындағы көңіл-күйінің күшеюі мен осы жылдың өзінен-ақ, елден қоныс аударудың өсімі болады.

Орыстілді халықтан ақиқатында жаһандық тілдік реформаға қатысты қандайда бір белсенді қарсылықтар күтетін жөн жоқ. Оларға көшіп кету оңайырақ, шамасы солай істейді. Ал қалғандар ескі проблемалар мен жаңа латынданумен қалады”, — деп санайды Сұлтанбеков.

Оның бағалауынша, қазақ әліпбиін латындандырудың бастапқы кезеңде “барша дерлік сауатсыз болып шығады”.

“Бала бақшадан зейнеткерлерге дейін, қазақ тілін меңгеру деңгейіне қарамастан, бүкіл ел партаға отырады. Бірақ мұнда мемлекеттік тілді жақсы білмейтін немесе мүлдем білмейтіндер үшін белгілі бір ынталандыру фактор бар.

Латын әліпбиін енгізу қоғам өмірінің қандай да бір салаларында оң өзгерістер әкелетініне күмәнім бар. Латын әрпімен жазатын шенеунік, қазір кириллицада жазатын шенеуніктен кем ұрлайтын болмайды.

Сондықтан латындандыруды жеделдету мәселесі, ең алдымен, сыртқы саяси бағытқа ие”, — деп пайымдады Сұлтанбеков.

Бұдан бұрын қазақ әліпбиін латындандыруға қатысты пікір білдірген Қазақстан Парламеті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев журналистерге мұның ұлттық мүдделерге қатысты екенін мәлімдеген. Неліктен латындандыруға көшу осы кезде ғана өзектілендірілді деген сұраққа депутат, бұрын мемлекеттің экономикамен байланысты маңыздырақ мәселелерге көңіл бөлгенін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз