Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Латын әліпбиін ақпараттық технологияға бейімдеп, енгізу мәселесі талқыланды

144

Тіл білімінің мамандары латын әліпбиін ақпараттық технология саласына бейімдей отырып енгізу мәселесін талқылады. Мұнда көрші елдердің тәжірибесі де ескерілмек. Ең бастысы, тіл білгірі Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі жаңа ұлттық әліпбидің негізіне айналады.

«Латын әліпбиіне көшу – ғаламтордағы қазақтілді контент үшін зор мүмкіндік»,

– дейді ғалымдар.

Қазақша «Википедия», «Гугл» аудармашы, «Кітап.кз» электронды кітапхана жобасын жүзеге асыру кезінде кириллица негізіндегі қазақ алфавитімен жұмыс істеу қиындық тудырған.

«Ал егер латын әліпбиіне көшсек, жаңа технологиялардың әлеуетін толыққанды пайдалануға болар еді»,

– дейді жиынға қатысушылар.

Рауан Кенжехан, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:

– Стандартты клавиатурадағы бар латын белгілерін қолдана отырып, осы жаңа әліпбиге көшу бастамасын іске асыруға болады деп сенеміз. Бұл алфавит – менің замандастарымның, тіпті біздің балаларымыздың әліпбиі. Біз үшін ол алфавитке көшудің, ол алфавитте тездетіп оңай оқып кетуге ешқандай қиындық жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз