Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Латын әліпбиі арқылы дамудың жаңа бағытына жол саламыз – сарапшылар

«Латынға оралу – саяси қадам, оңды шешім әрі тарихи оқиға. Латын әліпбиі арқылы біз түркі халықтарына тілдік тұрғыдан жақындауға мүмкіндік аламыз әрі рухани кемелдене түсеміз», – дейді жиынға қатысушылар.

Ақберен Елгезек, ақын, ақпараттық насихат тобының мүшесі:

– Елдің бәрі латын әліпбиіне көшуді қолдап отыр. Көптеген жақсы ұсыныс айтылды. Латын әліпбиін айтатын болсақ, бұл біздің қазіргі Мемлекеттік рәміздеріміз сияқты дүние ғой. Латын әліпбиін қабылдау Конституцияны қабылдаумен бірдей.

Әміржан Қосанов, саясаттанушы, ақпараттық насихат тобының мүшесі:

– «Қоғам латын әліпбиіне көшеміз бе, көшпейміз бе?» деудің орнына латын әліпбиіне көшеміз, бірақ қай нұсқасын қабылдаймыз? Қай нұсқасы халыққа жақындау деген тұрғы да пікірталас жүріп жатыр. Өз басым осындай пікірталастың Астана, Алматыда ғана емес, жергілікті жерде болғандығын қолдаймын. Себебі «келісіп пішкен тон келте болмас» деген. Егер латын өркениеттік тренд болса, онда біздің Қазақстанның бренді болуы керек деп ойлаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз