Батыстың Санта-Клаусы да, орыстың Аяз Атасы да Лапландияда тұрады деседі.
Лапландия әлі ешқашан өзінше тәуелсіз мемлекет болған емес. Қазір ол төрт мемлекеттің “меншігінде”: Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресейдің.
Лапландияда Саам деген халық тұрады, туы мен әнұраны, тіпті парламенті бар.
Фотограф Тина Торманен (Tiina Törmänen) өзінің туған өлкесі Лапландияның мынадай пейзаждарын түсіріпті.