Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

“Лаңкестік” бойынша сотталғандардың 98 пайызы өздерін салафиттер деп есептейді

Оның пікірінше, Ақтөбедегі лаңкестік актісін ата-бабамыз ұстанған исламға жат, дәстүрлі емес ағымдар жасап отыр.

– Салафизмге заңмен тыйым салынбады. Бұл — үлкен мәселе. Мен өзімнің мақалаларымда мұны лаңкестік оқиғасына дейін де жаздым. Лаңкестік бабы бойынша, елімізде 600-ден астам адам сотталды. Олардың 98 пайызы өздерін салафиттер деп есептейтіндер, яғни «3 негіз, 4 принцип», «Китабул Таухид» деген кітаптармен өскендер.

Қалғандары Хизбуттахрир, Таблиғи Жамағат және т.б. ұйымдардың өкілдері. Бұдан шығар қорытынды: азшылықты құрайтын ұйымдарға заңмен тыйым салынғанымен, көпшілігін құрайтындардың, яғни салафизм идеологиясын ұстанушыларға заңмен тыйым салынбай отыр. Сосын олардың іс-әрекеттері заңға қайшы болмай шығады.

Қазір интернетті ашып қарасаңыз, оларды насихаттаушы контенттер жетіп артылады. Мысалы, youtube сайтына кірсеңіз, ДАИШ-тың идеологтарының уағыздары ашықтан ашық тұр. Неге? Себебі, бұған заңдық тұрғыдан ешқандай тыйым жоқ. Әрине, Қазақстанда ДАИШ-қа тыйым салынған, бірақ оның идеологиясын құраушы салафизмге заң бойынша ешқандай тыйым жоқ, — дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз