Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ләйлә Сұлтанқызы келесі кітабын «Бақыттың әйелі» деп атамақ

144

Күні кеше «Меломан» дүкендер желісі 2016 жылы ең көп сатылған кітаптардың тізімін түзген екен.

Міне, осы тізімде Ләйлә Сұлтанқызының «Менің екінші кітабым» деген туындысы биылғы жылы ең көп сатылған кітаптардың арасында үздік 4-ке еніпті.  Айналасы 6 айдың ішінде Ләйләнің оқырмандары кітаптың 5 мың данасын сатып алған.

Табысы масайраған Сұлтанқызы “енді тоқтамаймын” дейді. Келер жылы тағы бір кітап жазып тастамақшы. Автордың жеке өмірінен сыр шертетін кітаптың аты “Әйел бақыты” деп аталатын болады.

«Бұл кітаптың 4-орынға шығуы тек сіздердің арқаларыңызда. Жаңа кітап келесі жылы 1-орынға шығатынына күмәнім жоқ. Көп рақмет», – деп жазыпты Сұлтанқызы өзінің жеке парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз